Денсаулық... Қатерлі ісіктен сақтану (1)
Түркиялық Эндер Сарач атты дәрігердің «Салауатты өмір сүр» атты конференциядағы баяндамасынан үзінді:
«Артық салмақ, семіздік қатерлі ісік қауіпін 25-300 пайыз арасында арттыруы мүмкін. Сондықтан артық салмақтан құтылуға тырысу керек. Өзін, өз елін және қоршаған ортасын жақсы көретін адам темекі шекпеуі тиіс. Темекі шегу қатерлі ісік кеселдерінің қауіпін 5 есеге арттырады. Адам неге қатерлі ісікті ақшаға сатып алады? Ақылға қонымсыз нәрсе емес пе? Спиртті ішімдіктер асқазан, сүт безінің қатерлі ісіктерін шақырады.
ГМА-лы тағамдар да қатерлі ісік қауіпін арттырушы факторлар қатарында. Күнде ГМА-лы соя, жүгері шырыны молдап тұтынылуда. Пирог, вафля секілді тәттілер, дайын тағамдар, дәмді сусындар, яғни барлық өнімдерде дерлік жетіп артылады.
Бір жағынан электромагниттік ластықтар да қатерлі ісік қауіпін тудыруда. Ұялы телефондарға қарсы емеспін, заман талабына сай қолданып келемін, бірақ құлаққап арқылы сөйлесемін. 2G-ден 3G-ге өткенде радияция мөлшері 9 есеге ұлғайған болатын, қазір 4.5G-ге өттік, вай-фай толқындарының арасында тіршілік етудеміз. Осы аталғандар үсті-үстіне келгенде дене қаншалықты төтеп беруі мүмкін.
Қатерлі ісіктің алдын алуда күнделікті дене жаттығуларын орындау, спортпен шұғылдану пайдалы. Сондай-ақ азық түрлерінің де пайдалы әсерлері бар. Қатерлі ісікке қарсы қорған, консероген жасушалардың көбеюінің алдын алуда сарымсақтың пайдасы көп. Сарымсақты лимонмен бірге тұтынғанда әсері артады. Куркума, карри және имбирь тұтынуға да кеңес беремін.