Сұхбат... Төрт мазһаб имамы және басқа ғалымдар
Ақида, яғни сенiмде, имандылықта хақ бiр ғана жол бар. Бұл жол “Әһли сүннәт уәл жамағат” мазһабы деп аталады. Мазһаб – жол дегенді білдіреді. Дүние жүзiндегi барлық мұсылмандарға түзу жолды көрсеткен және Мұхаммед алейһиссаламның осы жолын ешқандай өзгертпей, кемшiлiксiз жетуiне себепшi болған төрт ғалым бар. Бұлардың бiрiншiсi, Әһли сүннеттiң басшысы Имам Аъзам Әбу Ханифа Нұъман бин Сабит. Екiншiсi Имам Малик бин Әнас, үшiншiсi Имам Мұхаммед бин Идрис Шафии, төртiншiсi Имам Ахмед бин Ханбал, Аллаһ олардан разы болсын. Бүгінгі таңда бұл төртеуiнiң бірінің жолына ермеген адамның ана дүниесі тас-талқан болады.
Бұл төрт имамның шәкiрттерiнен екеуi иман саласында үлкен дәрежелерге шықты. Сондықтан әһли сүннет ақидасы, сенімі екi мазһабта қалыптасты. Құран кәрiм мен хадис шәрифтерге сай болған тура иман, сенім, ақида осы екi ғалымның еңбектерінде сақталып қалды. «Фырқа-и нажийа» (тозақтан құтылатын топ) деп аталып келген әһли сүннеттiң иман негіздерiн жер жүзiне жайған осы екi ғалым болды. Бiрi - Әбу Мансур Матуриди, ал екiншiсi - Әбул Хасан Әли Әшари.
Бұл екi имамның білдірген иман негiздерi бiрдей болып, араларында тек бiр-екі ғана айырмашылық бар. Қазіргі таңда әлемде тек осы екі имамның кітаптары бойынша сенген адамдар ғана шынайы сүнни мұсылмандар болып табылады.
Ислам ғалымдары Құран кәрiмде және хадис шәрифтерде мадақталған. Бір аятта былай делiнедi: «Бiлетiндер мен бiлмейтiндер тең бола ма?» Басқа бiр аятта болса: «Ей, мұсылмандар! Бiлмегендерiңдi бiлгендерден сұраңдар!» - деп бұйырылды. Хадис шәрифтерде болса: «Аллаһу та’ала перiштелер және әрбiр жан, адамдарға жақсылықты үйреткен мұсылмандарға дұға етедi.»
«Қиямет күнi алдымен пайғамбарлар, кейiн ғалымдар, одан кейiн шәһидтер шапағат етедi.»
«Ей, адамдар, iлiм үйренiңдер. Ілiм үйрену ғибадат.»