Untitled Document

Тарих... Қағаз және баспахана

Қағазды ойлап шығарғандар мұсылмандар емес. Бірақ, жер жүзіне жайылуына себеп болған және оны ары қарай дамытқан мұсылмандар. Мысалы, Андалусияда мақта аз болғандықтан көбінесе кендіршөп пен зығыр сияқты заттардан қағаз жасалатын.  

ХІІІ ғасырда бүкіл Ислам мемлекеттерінде қағаз жасау фабрикалары бар еді. Ал еуропалықтар, тек Шам (дамаск) қағазын Андалусия мұсылмандарынан көріп қана қолданды. Испаниялық христиандар тарапынан жаулап алу кезінде, Андалусия мұсылмандары құрған қағаз фабрикалары да христиандардың қолдарына өтті. Осылайша, алдымен испандықтар, кейін Франция және басқа да еуропалық мемлекеттер қағаз жасауды және қағаз өндіруді үйренді.

Кітап басу өнері тағы да мұсылмандар тарапынан Еуропаға танытылды. Әйтпесе баспахананы ойлап тапқан Готенберг емес. Андалус Омаядтар халифасы ІІІ Абдуррахман (912-961) дәуірінде мемлекет сарайында ресми жазулар, баспа құралымен көбейтіліп жіберілетін.

Сұхбат...

Дүние махаббаты

Сәлжұқ патшасы Сұлтан Рукнәддин бір адамы арқылы хазреті Мәуланаға бір кесе алтын сыйлық жібереді. Хазреті Мәулана сыйлықты әкелген адамға: «Қолыңдағыларды мына лайға таста!» - деп бұйырды. Әлгі адам еш саспастан: «Айтқаныңыз болсын» - деді де, алтындарды лайға тастай салды. Бұл оқиғаны көргендер мен естігендер бірден сол жерге асыға жөнелді. Бір алтын ала алу үшін барлығы өздерін лайға тастады. Хазреті Мәулана шәкірттеріне сол адамдарды көрсетіп:  

- Міне, дүниеге деген махаббат та осындай. Кірген жүрегін осылай ластайды,- деді. Шәкірттерінің біреуі:

- Ұстазым, сонда дүние үшін жұмыс істемейік пе? - деп сұрағанында:

- Жоқ, олай емес. Керісінше мұсылман еңбекқор болуы керек. Дүние үшін жұмыс істеңдер. Бірақ жүректеріңде оған деген махаббат болмасын.