Untitled Document

Сұхбат... Жақсы үлгі болу керек

Айталық, көзіміз аман сау, жақсы көреді делік, алайда жарықты сөндіргенде, қараңғыда, көзіміз көре алмайды. Демек көру үшін көзге тағы жарық та қажет. Заманымызда адамзат қараңғылықтың тұмшасына булығуда, өйткені жарық шашатын негіздер ұмыт болуда. Құран кәрім нұр болып табылады. Зұлмат заманында, яғни қараңғылықта түсті. Мекке мукаррама және Мәдина мунаууарада пұтқа табынушылық бар еді. Дінсіздік, арсыздық, ұрлық, тонаушылық, зорлық-зомбылық, сәбилерді тірідей көму сияқты төмендіктер белең алған еді. Құран кәрім және пайғамбарымыз осы зұлматқа түскен нұр болды. Осы нұрға мойынсұнғандар бақ-берекеге қауышып, адамзаттың ең үстемі болып өзгеріп шыға келді.

Осы нұрдан нәр алған сахабалардың көркем мінезі, әдептілігі, құл ақысына, көрші ақысына мән беруі, адалдығы, саудадағы турашылдығы секілді көптеген жақсы қасиеттеріне тәнті болған басқа халықтар да әсерленіп, мұсылмандыққа бет бұрды.

Бәріміздің де мән беруіміз қажетті, ең маңызды нәрсе: әрбір әрекетімізге, сөзімізге, жүріс-тұрысымызға мұқият болуымыз керек. Мейлі сен бастық бол, мейлі дәрігер бол, мейлі әскер бол, кім болсаң да дұрыс адам бол. Өйткені саған қараған адам сенің шеніңе емес, сені белгілі бір елдің, белгілі бір діннің өкілі деп қарайды. Әсіресе намазхан адамдарға осылай қаралады. Сенің кемшілігіңді көрген адам бұны мұсылмандықтың кемшілігі деп біледі. Артықшылығыңды көргендер де мұсылмандықтың абыройы деп көреді. Сондықтан дініміз білдірген жақсы мінез-құлықпен мінезделіп, жақсы іс-әрекеттерімізбен адамдарға үлгі болуға тырысуымыз керек. Көне тілдерде «адамның халі мен іс-әрекеті, сөзінен де әсерлі болады» деген даналық сөз бар. Бір мұсылман ешнәрсе айтпаса да, тек сауда-саттығымен, киінуімен, тазалығымен, намаз оқуы, өзгелерге деген жақсы қарым-қатынасымен үлгі болып Ислам дінін тарата алады. Ал басқа бір адам бөсіп тұрып көп сөйлейді. Бірақ жүріс-тұрысы дінге жат болғандықтан, адамдар соның кесірінен діннен алыстайды. Ал бұл өте үлкен пәлекет.