Сұхбат... Халал табыс әрбір мұсылманға парыз
Муинуддин Самани хазреттері Шафии мазһабының мәшһүр фиқһ және хадис ғалымы. 506 ж (м 1113 ж) Мәрв қаласында туылып, 562 ж (м 1166 ж) осы қалада қайтыс болған. Мухтасар атты кітабында былай делінеді:
«Өзінің, бала-шағасының напақасын беру, мойнына уәжіп болғандардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қарыздарын өтеу үшін еңбек етіп табыс табу парыз болып табылады. Сондықтан еңбек еткен адам сауап алады. Хадис шәрифте: «Бес уақыт намаз оқып, еңбек етіп халалдан табыс табу әрбір мұсылманға парыз» делінді. Пайғамбарлардың барлығы жұмыс істеп, табыс тапқан. Жұмыс істеместен мешітте отырып, Аллаһқа тәуәккел етіп жүрмін дейтіндерге сенбеу керек. Ол еңбек етуді тәрк еткендігі үшін күнә істеуде. Алдымен себепке жүгіну, (яғни жұмыс істеу) кейін осы себептің әсерін Аллаһу та’аладан күту әмір етілген. Мұқтаж болған нәрселерді тапқаннан кейін, артығымен жұмыс істемей, ғибадат ету жаиз. Қажетінен артығын жұмыс істеп тапқандарын оны жылдар бойы сақтау мубах. Сақтамай қайырлы істерге жұмсау мүстаһаб болып табылады. Хадис шәрифте: «Адамдардың жақсысы адамдарға пайдалы болатындар» делінді. Мақтану, тәкаппарлану үшін қажетінен артық табыс табу харам болып табылады.
Хадис шәрифте: «Сахабаларым үшін кедейлік бақ, ал ақыр замандағы үмметім үшін байлық бақ» делінді. Бала-шағасының қажеттілігін қамтамасыз ету, кедейлерге көмектесу және исламға қызмет ету үшін еңбек етіп халалдан табыс табу өте жақсы. Сүлеймен алейһиссалам және Әмирилмүминин Осман және Абдуррахман бин Ауф және сахабалардан кейбіреулері радиаллаһу анһум өте бай еді. Бұл байлықтары Аллаһу та’аланың құзырындағы дәрежелерінің азаюына себеп болмады.