Untitled Document

Сұхбат... Кеше, бүгін және ертең

Өмір үш кезеңнен тұрады: кеше, бүгін және ертең. Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күннің келетіні нақты емес, белгісіз. Егер қалған бүгінгі күніміздің қадірін білмесек, ертеңгі күннің қадірін қалай білмекпіз? Ертеңгі күн келуі де, келмеуі де мүмкін. Мүмкіндік болуы да, болмауы да мүмкін. Сондықтан, бүгін, мүмкіндігіміз бар кезде, ажал келмей тұрып, ахиретте алдымыздан шығатын ғибадаттарымызды дұрыс орындайық, бала-шағамызға, қарамағымыздағыларға дұрыс қарап, дінімізді үйретейік. Әуелі біз дінімізге сай өмір сүрейік. Өзі дұрыс жүрмейтін, өзі бейнамаз адам қалайша басқа біреуге барып «Намаз оқы» дейді? Өзіміз ұстанбасақ, басқаға «Былай істе!» деп айтуымыз әсерлі болмайды. Адам өзі Құран кәрім оқымаса, қалайша басқаға «Құран оқы!» дей алады? Білімнің жасы болмайды. Дереу тәубе етіп, ажал жетпей тұрғанда ахиретке дайындалу керек, өйткені ажал кенеттен келеді.

Бұлар ғасырлар бойы айтылып келген сөздер мен насихаттар. Біз Раббымыздың разылығына талапкерміз. Адамдардың отта жанудан құтылуын қалаймыз. Өйткені ана дүниеде ауыр азаптар бар. Хазреті Әли ант етіп: «Уаллаһи, ахиретте азап ретінде таудай үлкен шаяндар мен жыландар бар» деген. Ал біздің бұл жақтағы дертіміз не? Мал-мүлікке, мансапқа, лауазымға, атақ-даңққа, абыройға деген құштарлығымыздан алдымызды көре алмай қалдық. Бізді құтқаратын осылар ма? Бұлар құндылық емес, арашы ғана. Құндылық – Аллаһу та'аланың разылығына сай өмір сүру. Біз осыған қол жеткізуге тырысайық. Өте қысқа өміріміз онсызда өте тез өтіп жатыр.