Untitled Document

Кәсіпкерлік... Жетістіктің жолдары (2)

Бұл заманда өз салаңда жақсы, білікті маман болу өзекті мәселе. Сол саладағы ең ізделетін адам болуға тырысу керек. Сіз туралы «мұны тек пәленше ғана біледі» деп айтатындай болу керек. Айналаңыздағы адамдардан да өз саласында білікті осындай тұлғалардың көп болуы жақсы. Бұл да оқу, үйрену, тәжірибе, ерен еңбекпен келетін дүние. Бір профессор аспирантына былай деген екен: «Ешкімге мүмкіндік берілмейді, мүмкіндік алынады. Сен мұнда менің бірдеңе үйретуімді күтпе, сен өзің келіп менен сұрап алуың керек» деген екен. Яғни ешкім дайын нәрсені алдыңа әкеп қоймайды. Ол нәрселерді алу үшін өзіміз талпынуымыз, әрекет етуіміз қажет.

Берілген міндетті атқара білу, жауапкершілікті болу және адамдармен жақсы қарым-қатынас құра алу өте маңызды. Табысты адамдарда көп көрінетін қасиет - адамдармен жақсы қарым-қатынас және адамдарды жақсы басқару. Бизнес жолында жетістікке жеткендердің барлығында дерлік осы қасиет бар.

Әлемге әйгілі “General electric” компаниясын 20 жыл басқарып, үлкен жетістіктерге жеткізген Джек Уэлч-тен жұмысқа адам алғанда қандай ерекшеліктеріне қарап аласыз деп сұраған екен. Ол: "Мен 4 қасиетіне қараймын.

Біріншісі, жігерлілік, қайраттылық (энергиялық). (Бил Гейст те бір бөлім басшысын тағайындайтын кезінде оның жігерлілік қасиетіне қарайтынын айтқан. Оның резюмесі мен дипломына оншалықты мән бермеген екен.)

Екіншісі, осы жігерлілікті басқаларға өткізе алатын, айналасындағыларды ынталандыра алатын, мотивация бере алатын болуы.

Үшіншісі, бірі салада, бір нәрседе үстемдігі болуы.

Төртіншісі, берілген міндетті бітіре алатын болуы, бір істе маған келеңсіздік емес оның шешімін әкелетін адам болуы қажет" деген екен.