Untitled Document

Кәсіпкерлік... Жетістіктің жолдары (1)

Көп кітап оқу керек. Елбасымыз айтқанындай: «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.» Кітап оқу адамның білімін, ой-өрісін, тіл байлығын дамытады. Сөйлемдерді жақсы құра алуды, ділмарлық қабілетін жетілдіреді. Көп оқу, көп нәрсе білу маңызды, сонымен қатар білетін нәрселеріңізді орынды қолдану, қай мәліметті қай жерде қолдануды білетін адам жетістікті бола алады. (Әйтпесе орынсыз көп сөйлеу, бәдік болу мәре емес). Бұл жұмыс барысында, тәжірибе арқылы үйренілетін нәрсе. Сондықтан күніне кем дегенде екі беттен болса да, кітап оқу дағдысын қалыптастыру қажет.

Алға үлкен мақсат қою керек және сол мақсатқа қарай талпыну керек. Осы тақырыптағы семинарда ұстаз шәкірттердің бірінен: «Өскенде кім болғың келеді?» деп сұрайды. Шәкірт «Дәрігер болғым келеді» дегенінде «Дәрігер болсаң айналаңдағыларға өзіңдей ғана пайдаң болады. Алайда аурухана меңгерушісі болсаң немесе аурухана иесі болсаң, қарамағыңда жүздеген дәрігерлер болады. Көптеген адамдарға пайдаң тиеді» дейді. Басқа бір шәкірт ұшқыш боламын дейді. Сонда ұстазы «Неге ұшқышпен шектелесің, мақсатыңды жоғары тұт. Мақсатың авияциялық компания құру болсын. Қарамағыңда көптеген ұшқыштар болады, көп адамдарға, еліңнің өркендеуіне пайдаң тиеді» дейді. Сондай-ақ таңдаған мамандығыңда жетік білімді болу керек, көздеген мақсатыңа қажетті барлық нәрсені жақсы білу керек.

«Ештеңе білмеймін, меңгермеймін де, бірақ бастық боламын» деу бос сөз. Егер бір мақсат қойған болсаң, сол істі жақсы көретін болсаң, онсыз да соған қажетті нәрселерді бар ынтаңмен жақсы көріп үйренесің. Бірақ мақсатың жоқ болса, қандай іс болмасын оны орындау қиынға соғады.