Насихат... Жеті бұтақ
Ахмет Шәмседдин Мармарауи хазреттері бір сұхбатында шәкірттеріне: «Мұқият тыңдаңдар» деп мынадай насихатын айтты: «Адамның көңілінде һауа (жаман қалау) деген ағаш өседі. Оның жеті бұтағы бар. Әр бұтағы бір тарапқа бағытталған. Біріншісі көзге, екіншісі тілге, үшіншісі көңілге, төртіншісі нәпіске, бесіншісі басқа адамдарға, алтыншысы дүниеге, жетіншісі ахиретке бағытталған. Әр бұтақтың өзіне тән жемісі бар. Көзге қатысты бұтақтың жемісі харамға қарау. Тілге қатысты жемісі басқаның айыбы мен жамандықтарын өсектеу, ғайбат айту. Көңілге қатыстысы басқаларды жек көру, дұшпандық ету. Нәпіске қатыстысы күмәнді нәрселер мен харам және мәкрухтар істеу. Адамдарға қатыстысы өзін өзгелерден үстем санау, оларды қор, төмен санау. Дүниеге қатыстысы тамақ, жұмыс, мал-мүлік, мақам құштарлығымен ұзақ өмір сүруді армандау. Ахиретке қатыстысы болса, өкініш. Адамда һауа, яғни жаман қалаулардың тамыры бақи, тұрақты қалушы болып табылады. Әрине жас бұтақтар жеміс береді. Бірақ Аллаһу та’аланың әмірлерін орындап, тыйым салғандарынан сақтанатын болса, һауа ағашы көңілден шығады. Жаман мінездер кетіп, орны көркем мінездермен безенеді. Бұл болса бір мүршидтің (ғалымның) жол көрсетуі арқылы мүмкін болады.»
Кешегі жауап: Бір, үш, бес, сегіз, он үш,? тізімдегі сөздерде “бір” сөзінен кейінгілері, өзінен алдын қанша әріп тұрғандығын көрсетеді. Демек жауап: он жеті (17)