Untitled Document

Ғибрат... Не қайыр сөйле, не үндеме

Убада бин Самит хазреттері айтады: «Бір күні пайғамбарымыз сахабаларымен бірге жолға шықты. Пайғамбарымыз түйе мініп алған еді. Сахабалардан ешбірі пайғамбарымыздан озбай, алдына өтіп кетпей келе жатты. Сонда Муаз бин Жәбәл радиаллаһу анһ: «Йа Расулаллаһ, Аллаһу та’ала біздің жанымызды сізден бұрын алсын. Құдай сақтасын, егер сіз бұрын қайтыс болсаңыз, сізден кейін біз қай ғибадатқа көбірек мән берейік? Ораза тұтайық па, әлде садақа берейік пе?» деді. Пайғамбарымыз: «Ораза мен зекет өте жақсы, бірақ адамдар үшін бұдан да үстемі бар» деді. Кейін Муаз бин Жәбәл радиаллаһу анһ өзі білетін бүкіл жақсылықтарды санап шықты. Барлығына да пайғамбарымыз «адамдарға бұдан да қайырлысы бар» деп жауап берді. Муаз радиаллаһу анһ: «Йа Расулаллаһ, адамдар үшін бұлардан да қайырлы болатын не ол?» деп сұрады. Расулуллаһ алейһиссалам аузын ишара етіп: «Үндемеу, сөйлегенде де жақсы сөз айту» деді. Хазреті Муаз: «Тілімізден шыққан сөздерден есепке тартыламыз ба?» дегенінде пайғамбарымыз: «Адамдарды тозаққа ет бетімен түсіретін тілден басқа жамандық жоқ. Кім Аллаһқа және ахирет күніне сенсе, не қайыр сөйлесін, не үндемесін. Қайырлы сөйлеп пайдаланыңдар, жаман нәрсе сөйлемеңдер сонда саламатта боласыңдар» деп жауап берді.    

Зеректік жұмбағы...

Сандар

Бір, үш, бес, сегіз, он үш, ?

Жоғарыдағы сұрақ белгінің орнына қандай сан болуы керек?

(Жауабы ертең...)