Untitled Document

Сұхбат... Білімсіз болашақ жоқ!

Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адамның күн ортасында бір мезгіл ұйықтауы Оған бағынбай көптеген түндерді ғибадатпен өткізуден қаншама есе құндырақ. Өйткені «қайлулә» жасау, яғни түске дейінгі аралықта аздап көз ілдіру пайғамбарымыздың әдеті еді. Мысалы, Оның діні бұйырғандықтан айт күні ораза ұстамау және ішіп-жеу, Оның дінінде болмай жылдар бойы ұсталған оразалардан құндырақ. Оның дінінің әмірімен кедейге берілген зекет деп аталатын аздаған нәрсе, өз қалауымен таудай алтын садақа беруден абзалырақ. Хазреті Омар бір күні таң намазын жамағатпен оқығаннан кейін жамағатқа қарап, бір адамды көрмегендіктен қайда екенін сұрады. Жанындағылар: «Ол түндерді таңға дейін ғибадат жасап өткізеді. Бәлкім қазір ұйықтап қалған шығар», дейді. Хазреті Омар: «Әттең, түні бойы ұйықтап, таң намазын жамағатпен оқығанында, жақсырақ болар еді», деді.   

Ислам дінінен адасқандар зардап шегіп, өз-өздерін қинап жатқан болса да, бұл әрекеттері дінге сай жасалмағандықтан, қадірсіз және бос әурешілік болып табылады. Егер осы әрекеттерінен марапат пайда болса, дүниелік бірнеше пайдамен ғана шектеледі. Ал ислам дініне сай жасалған амалды Аллаһу та'ала қабыл етеді, одан разы болады, көп сауап береді және қатты ұнатады.

Олай болса, әр мүминге ең алғаш қажет және парыз болған іс – иманды, парыздарды, харамдарды үйрену. Бұларды үйренбегенше мұсылмандық толық бола алмайды және иманды сақтап қалу мүмкін болмайды. Хақтың алдындағы міндеттер мен пенденің алдындағы міндеттерді өтелмей, қарыз болып қалады. Ниет, мінез түзелмейді және жүрек тазаланбайды. Ал дұрыс ниет жасалмаса, ешбір парыз қабыл болмайды. Сондықтан, әркімнің дін білімдерін дұрыс кітаптардан үйренуі керек. Хадис шәрифте: «Бір сағат білім үйрену немесе үйрету – таңға дейін ғибадат жасаудан әлдеқайда сауаптырақ» делінді.