Сұхбат... Соңғы пайғамбар
Мұхаммед (алейһиссалату уәссалам) - “хатим-ул-әнбия” (пайғамбарлардың соңғысы) болып аталады. Одан кейін ешқандай пайғамбар келмейді. Оның рухы барлық пайғамбарлардан бұрын жаратылды. Пайғамбарлық дәреже ең алдымен соған берілді. Пайғамбарлық міндеті оның дүниеге келуімен тәмамданды.
Мұхаммед алейһиссалам - пайғамбарлардың ең ұлысы. Ол барлық адам баласы мен жындардың пайғамбары. Қалған пайғамбарлар белгілі бір елге, қауымға жіберілді. Ал, Мұхаммед алейһиссалам – бүкіл әлемнің, жанды-жансыз бүкіл жаратылыстардың пайғамбары. Басқа пайғамбарлар секілді оған да мұғжизалар берілді. Аллаһу Та’ала сүйікті пайғамбарына басқалардан көп мұғжиза берді. Солардың ең үлкені - Құран кәрім еді. Басқа кейбір мұғжизалары: миғражға шығуы, саусағымен белгі бергенде айдың екіге бөлінуі, уысындағы тастардың Аллаһты тәспих етуі, оған ағаштардың сәлем беруі, саусақтарынан су ағуы, ақыретте ұлы мәртебе берілуі, көркем мінезі, сансыз ізгіліктері. Оның діні барлық діндердің үкімін жойды. Заманымызда жалғыз тура, хақ дін – Ислам діні.
Әрбір сөзін жаттап алу үшін жан пида етіп еңбек етілген, затымен өмірінің мәнділігі, құндылығы оған жақын болғандарға да әсерін тигізіп, баршасының өмірбаяны, үстемдіктері бүкіл майда ерекшеліктеріне дейін кітаптарға түсуіне себеп болған жер бетіне Мұхаммед алейһиссаламдай екінші бір адам келген емес.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.