Сұхбат ... Адамдарға жақсылық жасау
Мұхаммед Масум хазреттері былай деген: «Дүниедегі өмір өте қысқа. Шексіз, мәңгі болған ахирет өмірінің қандай болатыны адамдардың дүниеде қалай өмір сүргендігіне байланысты. Ұзақты көре алатын ақылды адам қысқа болған осы дүниеде ахиретте бақытты өмір сүруге себеп болатын нәрселерді орындайды. Адамдарға қызмет етуге талпынады. Адамдарға жақсылық жасау ахиретте азаптан құтылуға және жаннат ниғметтерінің көбеюіне себеп болады.»
Ешкімнің ақысын жемеу, ешкімді жәбірлемеу, алдамау, ешкімге жамандық жасамауымыз керек. Яғни мұсылман күллі жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстауы тиіс. Жақсылық жасау өте үлкен сауап. Әйтсе де жақсылық жасауға мәжбүр емеспіз. Яғни жақсылық жасамау күнә емес. Алайда ешкімге жамандық етуге хақымыз жоқ. Жамандық істесек күнәға батамыз.
Аспан барлық жерде көк болғанындай, мұсылман да барлық жерде мұсылман. Қолынан, тілінен ешкімге зиян тимейтін адам деген сөз. Су барлық жерде су болуы тиіс. Біреуге тұщы, ал біреуге ащы болмауы керек. Барлық адамнан, дінсізден де, діні бардан да есеп сұрайтын Аллаһу та’ала. Біздің ешкімнен есеп сұрауға хақымыз жоқ. Пайғамбарымыз «Адамдардың жақсысы адамдарға пайдалы болғаны, жаманы оларға зиянды болғаны» деген. Жақсылық жасайтын кезде жұртты дінді-дінсіз деп бөліп жармау керек. Өйткені барлығы Аллаһу та’аланың құлы. Бүгінгі дінсіз ертең бәлкім мұсылман болады, біз біле алмаймыз.