Untitled Document

Сұхбат... Аллаһқа шүкір етудің маңыздылығы

Еш жоқтан жаратылғанымыз үшін шүкір ету керек болғаны секілді мына жағдайлар үшін де шүкір етуіміз керек:

1- Аллаһу та’ала бізді тас, өсімдік немесе жануар қылып жаратпай, адам қылып жаратқаны үшін,

2- Мұсылман өлкеде туғанымыз үшін, (Шет елде өзіміз ізденіп иман келтіруімз өте қиын болар еді.)

3- Мұсылман өлкеде туғанымен дінсіз болған адамдардың қатарында болмағанымыз үшін,

4- Мұсылман отбасында туылып, олар бізді мұсылман қылып өсіргені үшін,

5- Айнала бұзылған заманда иманымызды сақтай алғанымыз үшін,

6- Мұса алейһиссалам бұл үмметтен болу үшін дұға еткен. Бір пайғамбардың қалап қауыша алмаған ниғметіне қауышқанымыз үшін,

7- Өлкемізде және дүние жүзіндегі адамдардың көбі намаз оқудан махрұм. Намаз оқу Аллаһу та’аланың құлын өзіне таңдауы, қабыл етуі дегенді білдіреді. Миллиондаған, миллиардтаған адамдардың ішінен бізді таңдап, қабыл еткені үшін,

8- Барлық елдерде әһли бидғат топтар бар. Олар секілді бидғатшы топтың қатарында болмағанымыз үшін,

9- Жаһаннамнан құтылатыны білдірілген әһли сүннет тобында болғанымыз үшін,

Ислам ғалымдарын тануды, жақсы көруді, кітаптарын оқып дінімізді үйренуді және таратуды бізге нәсіп еткені үшін де көп шүкір ету керек.

Қаншама көп шүкір етсек те бәрібір лайықты түрде шүкір еткен бола алмаймыз. Өйткені Аллаһу та’аланың ниғметтері, ихсандарын санап бітіре алмайсың. Бір аяти кәримада былай делінеді:

«Аллаһтың ниғметтерін санамақ болсаңдар бітіре алмайсыңдар.» (Нахл 18)

Мұншама ниғметтеріне қаншалықты шүкір етіп жүрміз? Құран кәрімде былай делінеді:

«Құлдарымның ішінде лайықты түрде шүкір ететіндер аз.» (Сәбә 13)

«Шүкір етсеңдер ниғметтерімді арттырамын. Қадірін білмей обал қылсаңдар оларды сендерден алып, өздеріңді қатты азапқа душар етемін.» (Ибраһим 7)

Шүкір ету үшін исламға мойынсұну керек. Исламның әмір және тыйымдарына мойынсұнған адам шүкір еткен болып саналады.