Аңыз... Төле бидің төрелігі
Елді Қазықұрт тауының бөктеріне көшіп қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі дауге жүгіне келіпті. Біреуі: Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып, бермейді – дейді. Екіншісі: Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі менікі. Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап алған соң, баласына сілтеп, «мұның билігін Төле берсін» дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып, Бір шыбықты қамшы қылып, далада «айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң, бала: Түлкі арлан болса сенікі, - дейді, «жер менікі» деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді. Балаңыздың сөзіне түсінбедік... Төлежан төрелігін дұрыс берген екен, - дейді Әлібек би. Түлкінің ұланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан қуып келіп, індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашысы болса, жер иесі саған тиеді.
Сіз білесіз бе...Жаңғақ ағашы
Жаңғақ ағашының түбіне отыруға, ұйықтауға болмайды деп айтылады, «жаман болады, есің ауысып қалады, денсаулыққа қауіпті» дегенді естиміз. Ал мұның себеі не екенін білесіз бе?! Жаңғақ ағашы сульфид газын бөліп шығарады екен. Ауадағы басқа газдардан ауыр болатындықтан жерге шөгеді және ағаш астында отырғандарды есеңгіретеді. Сондай-ақ сульфид газының озон қабатын қалпына келтіру қасиеті бар екен. Осы себепті жаңғақ ағашының көп отырғызу табиғи тұрғыдан пайдалы болып табылады.