Untitled Document

Мақала... Мұсылмандық – ынтымақ діні (1)

Ғасырлар бойы сенімдері, ұлттары әртүрлі халықтар мұсылман елдерінде ешқандай қысым көрмей еркін өмір сүрген. Тіпті өзге елдерде қысым көрген басқа сенімдегілер мұсылмандардан пана іздеп келген жағдайлар көп болған. Өйткені мұсылман мәдениетінде қонақжайлылық, пана сұрап келгенге қамқор болу, оны дұшпандарынан қорғау, қонаққа қызмет ету ерекшелігі бар. Осы себепті қолына қару алып кезекпен түні бойы үйдің айналасын күзетіп қонағын қорғағандар көп болған. 8 ғасырдай мұсылмандардың билігінде болған Андалусия елі христиандар тарапынан басып алынғаннан кейін 250 мың яһудиге христиан дініне өту немесе өлтірілу таңдауы берілді. Олар Османлы мемлекетінен пана сұрады. 1492 жылдан бастап қаншама Османлы кемелері сапар шегіп бұларды Стамбул, Измир, Селаник секілді қалаларға қоныстандырды. Стамбул ұзақ жылдар бойы ең көп яһуди өмір сүретін қала деген атқа ие болды. Франциядан қуылған яһудилер, 1470 жылы Бавиера патшалығынан қуылған Ашкеназ яһудилері, 1660 жылы Польша және Украинадағы қырғыннан қашған Ашкеназдар да Османлы өлкесінен пана тапты.

Үш құдай сенімін мойындамайтын Италиялық унитерист шіркеуі христиандардың қысымына байланысты шығыс еуропаға қашуға мәжбүр болған еді. Олар кездегі Османлының қарамағындағы Ердел (трансильвания) қаласына қоныс аударған болатын.

Тарихы ХVІ ғасырлардағы жазбалардан бастау алатын бұхаралық яһудилер, азиялық яһудилер деген атпен танымал қоғамдық топтардың да Орта Азияда мұсылмандар арасында қаншама ғасырлар бойы өмір сүріп келгендігі мұсылмандардың қонақжайлылығын, жоғары адамгершілілік қасиетін көрсетеді.

(Жалғасы ертең...)