Сұхбат... Өкініш
Ахиретке көшкен барлық адамдар өкінеді. Жақсылар бұдан да көп жақсылық жасай алмағандықтарына, ал жамандар жамандық еткендіктеріне, жақсылық істей алмағандықтарына өкінеді. Дүниелік үшін қанағат болады, ал ахирет үшін қанағат болмайды. Дүние үшін тәуәккүл болады, ал ахирет үшін тәуәккүл болмайды. Дүниедегі өкініш ниғмет, ал ахиреттегі өкініш пәлекет.
Қабірден біреу шығып келсе, қалай өмір сүрер еді? Әлбетте бір сәтті де бос өткізбей, үнемі жақсылық жасап, ғибадат етіп, ахирет үшін еңбектеніп, мүлдем күнә істемей, ешкімді ренжітпей мінсіз түрде тіршілік етер еді. Ал біз ше, ол жаққа бармаймыз ба? Ол жаққа барғанда басымызға не келетінін, неге тап болатынымызды дініміз білдіруде. Аллаһқа иман келтірмегендер, пайғамбарымыздың жеткізгендеріне сенбегендер, ұнатпағандар, ислам дінін қабыл етпегендер жаһаннам азабына ұшырайды. «Йа Рабби, бізді дүниеге қайта жібер, мүлдем күнә істемейміз, үнемі ғибадат ететін боламыз» дейді. Оларға «Онсыз да сол жақтан келмедіңдер ме» делінеді. Қазір дүниеде жүргендігімізді, бұл мүмкіндігімізді бос жібермеуге тиіспіз. Ол жақтағы өкініш пайда бермейді.
Уәхб бин Мунәббих хазреттеріне, тас бетіне қашалып жазылған жазуды оқып беруін өтінеді. Ол таста былай жазулы еді: «Ей адамұлы, сен егер ажалыңның саған тұрақты түрде жақындап келе жатқанын білгеніңде тули амал иесі болудан бастартып, салих (жақсы) амалдарыңды арттыруға, дүниеге берілгендігіңді доғарар едің. Шүбһәсіз ертең басыңа өкініш келеді. Бала-шағаң және ең жақын адамдарың сені топыраққа көмеді. Одан кейін дүниеге қайта оралу болмайды. Амалдарыңмен бетпе-бет қаласың. Жақсы амалдарды арттыруға мүмкіндігің болмайды. Қабірге жақсы амалдармен келген болсаң бағыңның жанғаны. Күнәларды арқалап келген болсаң обалыңа қалғаның. Сондықтан қиямет күні үшін қазірден дайындал. Өкінішке түспеудің қамын жаса!»