Әдеп-ахлақ... Тули амал
Тули амал – зауқ алу, ойын-сауық құру, сайрандау үшін ұзақ өмір сүруді қалау деген сөз. Ғибадат ету үшін ұзақ өмір сүруді қалау, тули амал болмайды. Тули амал иелері, ғибадаттарды уақытында жасамайды. Тәубе қылуды тәрк етеді. Жүректері қатты болады. Өлімді ойламайды. Уағыз бен насихаттан ғибрат алмайды. Хадис шәрифтерде: «Ләззаттарды тоқтататын нәрсені көп ойлаңдар» және «Өлімнен кейін болатындарды сендердің білгендеріңдей жануарлар да білгенде, жеу үшін семіз жануар таба алмас едіңдер» және «Күндіз-түні өлімді еске алатын адам, қиямет күні шәһидтермен бірге болады» делінді. Тули амал иесі, өмірін тек дүниедегі байлық пен мансапқа қауышу жолында өткізеді. Ахиретті ұмытады. Тек зауқ пен көңіл көтеруді ойлайды. Хадис шәрифте: «Адамдардың ең жақсысы өмірі ұзақ және амалы әдемі болған адам» және «Адамдардың ең жаманы, өмірі ұзақ, амалы жаман болғаны» және «Өздеріңе өлімді тілемеңдер. Қабір азабы өте ауыр. Өмірі ұзақ болып, исламға мойынсұну, үлкен бақыт» және «Мұсылмандықта ағарған шаштар, қиямет күні нұр болады» делінді.
Тули амалдың себептері – дүние зауқтарына құмар болу, өлімді ұмыту және денсаулығымен жастық шағына алдану. Тули амал ауруынан құтылу үшін, осы себептердің жойылуы керек. Ажалдың кез-келген сәтте келетінін ойлау керек. Денсаулықтың, жастық шақтың өлімге кедергі бола алмайтынын ұмытпау керек. Тули амал иесі болудың зияндарын және өлімді еске алудың пайдаларын ойлау керек. Хадис шәрифте: «Өлімді көп еске алыңдар. Оны ойлау, адамды күнә істерден қорғайды және ахиретке зияны бар нәрселерден сақтануға себепші болады» делінген. Харам болған ләззаттардың ішінде өмір сүру үшін тули амал иесі болу харам. Мубаһтармен зауқтану үшін тули амал иесі болу харам болмаса да, жақсы емес. Ұзақ өмір сүруді емес, салауатты және аман-есен, жақсылықтар жасап өмір сүруді сұрау керек.