Untitled Document

Күннің тарихы... Имам Ғазали

Хазреті Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) Ислам ғалымдарының ең ұлыларының бірі. Өмірін Исламның әмірі мен тыйымдарын үйрену және үйретумен өткізген хазреті Имам Ғазали 1058 жылы Ирандағы Мешхед қаласының Ғазал ауылында туылған. 1111 жылы Жәмазил-әууәл айының 14-іне, дүйсенбі күні сол жерде қайтыс болған. Бөлмесінде намаз оқып жатқанда, әдеттегіден ұзаққа созылғаны үшін, жақындары алаңдайды. Ішке кіргенінде хазреті Имам Ғазалидің, кебінін киіп, жүзін қыблаға қаратып, жан тапсырғанын көреді. Хазреті Имам Ғазали мүжтәһид ғалым болған. Өте көп кітап жазған. Кітаптарының көптігі соншалық, өміріне бөлінетін болса, күніне 18 беттен түседі. Бағдатта Низамия Университетінде мүдәррис, яғни оқытушы болған. Кейінірек Шамда және Нишапурда да мүдәрристік қызметін жалғастырған. “Ихйа”және “Кимия-и Саадат” атты кітаптары өте құнды.

*** *** ***

Имам Ғазали хазреттерінің даналық сөздері:

Аллаһу та’аланың берген ниғметін Оның ұнатқан жерге жұмсау шүкіршілік, ал ұнатпаған нәрсеге жұмсау болса шүкірсіздік, жақсылықты түсінбеушілік болады. 

Аллаһу та’аланың барлық істерімізді, барлық ойымызды білетінін ұмытпауымыз керек. Адамдар бір-бірінің сыртын көреді. Аллаһу та’ала болса әрі сыртын, әрі ішін көреді. Мұны білетін адамның істері де, ойлары да әдепке сай болады.

Ғайбат ету харам. Біреудің кемшілігін өзгеге айту дұрыс болмағанындай, өз-өзіңе айту да жаиз емес.

Ей нәпсім, кейін тәубе етемін, жақсылықтарды кейін жасаймын деп отырсаң, өлім одан бұрын келуі мүмкін, босқа өкініп қаласың. Ертең тәубе етуді бүгін тәубе етуден оңай деп ойласаң, алданудасың.