Ғибрат... Ұзақ өмір (1)
Ұзақ өсмір сүруді қаламайтын адам жоқ шығар! Барлық адамның ой түбінде «Тұрақты өмір сүре берсем» деген арман болады. Дұғаларымызбен де осыны тілейміз. Біреуден жақсылық көргенімізде «Өмір жасың ұзақ болсын, көп жаса» деген сияқты сөздермен лебіздерімізді білдіріп жатамыз. Негізінде ұзақ өмір сүру салих (жақсы) амалдармен, сауапты істермен өтсе өте үлкен ниғмет болып табылады.
Бәни Хай тайпасынан екі адам пайғамбарымызға келіп ислам дінін қабылдайды. Пайғамбарымыз оларға бір баспана тағайындайды. Екеуі ғибадаттарын жасап, осында қалып өмір сүреді. Бұлардың біреуі соғыста шәһид болады. Ал екіншісі одан бір жыл кейін ауруға шалдығып қайтыс болады. Сахабалардың біреуі бұларды түсінде көріп, бір жыл кейін қайтыс болғанының дәрежесі үстемірек екенін байқайды. Таң қалады. Өйткені ол шәһид болған адамның дәрежесі үстем болатынын ойлаған болатын. Көрген түсін пайғамбарымызға айтып: «Йа Расулаллаһ, мен шәһид болғаны үстем деп білетін едім, бұның мәні неде?» деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «Әлбетте бір жыл кейін қайтыс болғанының дәрежесі үстем. Өйткені ол (нәпілдерді санамағанда) бір ай артық ораза тұтты. 6000 рәкәт одан артық намаз оқыды. Қаншама дұға және ғибадаттар жасады...»
Өлім болмағанда жер бетіне сыймас едік. Раббымыз Адам атамыз бен Хауа анамызды дүниеге жібергенінде бұлардың бала-шағалары болатынын естіген періштелер: «Бұлар көбейе беріп жер жүзіне сыймай кетпей ме?!» дейді. Раббымыз: «Олар өледі, тұрақты өмір сүре бермейді» деп жауаптайды. Сонда періштелер: «Онда өмірдің қызығы қалмайды ғой. Соңы өлім болатын өмірден қалай ләззат алуға болады?» Бұған Раббымыз тарапынан мынадай жауап келді: «Оларға ғафлет, ұмытшақтық беремін, ұмытып ары қарай өмірін жалғастыра береді». (Жалғасы ертең...)