Untitled Document

Сұхбат... Өткен уақыт қайта оралмайды (2)

Егер күнімізді жақсы өткізген болсақ, келесі күнді одан да жақсы өткізуге тырысуымыз керек. Жаман өткен болса, тәубе етіп, ендігәрі қателік жасамауға бел байлауымыз керек.  

Уақытты тоқтату мүмкін емес, уақыт жылдам өтіп жатыр. Уақыт – адамның қолындағы ең құнды зат. Ол әлемдегі ең қымбат асыл тастан да құнды. Жоғалған гауһар тасты қайта алуға болады, бірақ жоғалған уақытты кері қайтару мүмкін емес. 

Әр адамға белгілі бір өмір берілген. Адам осы қысқа өмірінде бұл дүниесімен бірге қалған екі өмірдегі жағдайын жасауға мәжбүр: дүние өмірі, қабір өмірі және ахирет өмірі. 

Бұлардың ең қысқасы – дүниедегі өмірі. Ең маңыздысы да осы өмір. Өйткені үш өмірінің тағдырын да осы өмірде жасағандарымен жасамағандары шешеді.  

Жұмыс істеу, өзінің және қарамағындағылардың ризықтарын халалдан табу, кейін қаласа да, қаламаса да кіретін қабірін нұрландыруға, жайландыруға тырысу керек. Қабір өмірі дүние өмірінен де ұзақ. Біз дүниедегі үйімізді іждағатпен рахат өмір сүре алатындай жағдайға келтірмей тұрып ішіне көшіп кірмейміз. Кіретін болсақ, ішінде рахат жүре алмаймыз. Алайда дүниедегі үйімізде бір күн де қалуымыз нақты емес. 

Оның үстіне бұл жердегі үйімізді қолайлы болмаса ауыстыруымызға болады. Басқа үйге көшіп кетуге әрдайым мүмкіндігіміз бар. Бірақ ана дүниедегі екінші үйіміз болатын мазарымызда «Маған бұл қабір ұнамады, бұл жер мені қысып жатыр, іші қараңғы, мені басқа қабірге апарыңдар» деп айтсақ, бізге кім құлақ асады? 

Мәңгілік өмір сүретін ахиреттегі өміріміздің де жағдайын осы өмірде жасап алуымызға болады. Әлі қолда мүмкіндік бар кезде уақытымыздың қадірін білуіміз керек...