Сұхбат... Өткен уақыт қайта оралмайды (1)
Өткізген жылдарымыз қаншалықты жақсы болса да, қайта оралмайды. Өткенді кері қайтарып, одан қайта нәр алу ешкімнің қолынан келмеген, бұдан былай да келмейді...
Шынымен де, адамдар өткен уақыттың ащы және тәтті күндерін есіне алып, шарасыз екенін түсінеді және бұлардың бәрінің түс сияқты өтіп кеткенін сезеді. Мына хадис шәриф қандай тамаша түсіндірілген: «Адамдар ұйқыда, олар өлген кездерінде оянады.»
Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Адам түс көріп жатып оның түс екенін білмейді, шын өмір деп ойлайды. Оянғанға дейін білмейді. Оянған кезде «Көргендерім түс екен ғой...» дейді.
Адам өлген кезде де дүниеде өткізген өмірінің түс екенін түсінеді. Осы себептен қиямет күнінде адамдар дүниеде өткізген өмірлерін өмір деп санамайды. Фәжр сүресінің 24-ші аяти каримасында бұған ишарат бар: «Ол былай дейді: Әттеген-ай, мен өміріме алдын ала дайындығымды жасағанымда ғой!»
Бұл аяти кариманы тәпсірлеген муфәссирлер (тәпсіршілер) мына жайтқа назарымызды аударуда: Аятта «Осындағы өміріме» демеген, тек «Өміріме» деген. Бұл да дүниедегі өмірдің «өмір деп санамалғанының» ең үлкен дәлелі.
Уақытты кері қайтару мүмкін емес, алайда одан ғибрат алу мүмкін. Ал өткен уақыт кері қайтса екен деп армандау бос қиялдан басқа нәрсе емес. Бір ақын «Әттеген-ай, жастық шақтан бір күн кері қайтса ғой, қарт шағымның назын оған айтсам ғой,»- деген екен.
Жылдар күн сияқты өтуде және әр өткен күн бізді қабірге бір қадамға жақындатып жатыр. Әр түні төсекке жатудан бұрын сол күннің есебін жасауымыз қажет. Қателіктер мен айыптарымызды табуымыз керек. (Жалғасы ертең...)