Сұхбат... Зілзала мен күнә
Ғалымдар «Екі "З" әрпі көбейгенде үшінші "З" келеді» деген. Яғни Зұлымдық және Зина көбейген кезде Зілзала болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді.» (Дәйләми)
«Күнәлар ашықтан-ашық істеле бастағанда жақсы-жаман халықтың бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)
Жер сілкінісі – қиямет белгілерінен. Бұхаридағы хадис шәрифте «Жер сілкінісі көбеймегенше қиямет басталмайды» делінеді.
Адамдардың күнәдан бастартуы үшін Аллаһ тарапынан келген ескерту болған жер сілкінісінен ғибрат алу керек. Су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық сияқты Аллаһ тарапынан келген қиыншылықтардың көрініс табуы Аллаһу та'аланың шексіз ниғметтеріне, мейірім мен сияпатына қарсы шығушыларға ескерту ретінде беріледі. Ешбір ниғмет және пәлекет себепсіз берілмейді. Пайымдай алатындар үшін әр түрлі хикметтері бар. Күнәлардың кешірілуіне себеп болуы сияқты басқа да хикметтері бар. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үмбетім үшін жер сілкіністері күнәларына кафарат (өтем) болады.» (Хаким)
«Аллаһу та'ала жер сілкіністерін жақсыларға үгіт, мүминдерге мейірім, ал кәпірлерге азап қылады.» (И.Асакир)
Ғалымдар «Қауіптерден шамаларың жеткенше сақтаныңдар. Өйткені төтеп бере алмайтын, шыдауға келмейтін нәрселерден аулақ болу – пайғамбарлардың әдеті» деген.
«Жабық жерде отырғанда жер сілкінісі болса, ол жерден ашық жерге қашу мүстаһаб.» (Бәззаззийа)
«Жер сілкінісі болған кезде үйден шығып, ашық жерге бару керек. Расулуллаһ алейһиссалам жолда қисық дуалдың алдынан жүгіріп өткен еді.» (Хиндийа)