Untitled Document

Мақала... Париждегі ланкестік кімнің ісі (3)

Франция 14 африкалық елдерден жылына 300 миллиард доллар салық алады. Өз индустриясын арзан жұмысшы және арзан шикізатпен қамтамасыз етеді. Америка соңғы екі жылда Францияның қарамағындағы 7 елге әскер жіберді. Сылтауы сол баяғы терроризм. Террор деген ең жақсы кілтке айналды. Қалаған есігін ашуға қолайлы. ЦРУ-мен Францияның сыртқы қауіпсіздік құралының басшылары Америкада, одан кейін Францияда сағаттап келіссөздер жүргізген болатын. Бірақ тараптар ортақ келісімге келе алмады. Бұдан кейін біреулер Италиандық Гладионың ішінен Исламист террорист іздеп қазбалай бастады. Тапқанға да ұқсайды. Қайда, не үшін қолданылатынын аз ғана адам біледі. Францияның президенті Олланд: «Франция үшін бұл соғыс себебі», ал Папа болса «Бұл үшінші дүниежүзілік соғыс» деген кездерінде бір уыс ДАИШ-ты айтпағанына қарағанда, оның үстіне ол соғыстың ішінде Франция секілді алып мемлекет тұрған болса, демек бұл алыптардың арпалысы болуы тиіс. Ал содырлар алыптар арпалысындағы құрал десе орынды болар. Ланкестік болатын күннен 48 сағат бұрын алдымен телефон желілері мен полицияның бақылау камералары кішкене нүктеден сөндірілген екен. ДАИШ түгілі алып мемлекеттердің өзі ланкестікке ұшыраған аймақтарды бұлайша көзден таса ете алмас еді. Бірақ бір мықты күш мұны атқарды және артынша бұл ДАИШ деген ақпарат таратты. ЦРУ-дың ісі болса Францияға Ислам географиясымен қош айтысуына ымдалған болды. Екі нұсқада да зиянға ұшыраған босқындар және мұсылмандар болды. 

Дереккөз: Эргюн Дилер – Таквим газеті (Түркия)