Untitled Document

Мақала... Париждегі ланкестік кімнің ісі (1)

2015 жылы 13 қарашада болған париждегі ланкестікті, одан кейінгі былтырғы Ниццадағы, Бруксельдегі, Германиядағы ланкестіктерді бүкіл ақпарат құралдары Ирак пен Сирия аралығында құрылған (Ислам деген атты жамылған) ДАИШ істегенін айтты, жазды. (ДАИШ – Дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористтік топ.) Адамдар осыған сенуге мәжбүр болды. Өйткені ақпарат құралдары санамызға осы пікірді сіңдірді. Ланкестер зұлымдықтарын іске асырып жатқан кезде Аллаһ деп айғайлап, өздерінің ДАИШ екендігін айғайлап, оқиға орнына паспорттарын, ДАИШ-тің жалауын қалдырып, сосын бүлік шығарған болатын. Ал негізінде ортада жасырын түрдегі жаһандық алыптар арасындағы арпалыс, яғни суық (тыңшылық) соғыстары жүруде. Таяу Шығыс және Африка елдерінде осы себептерге байланысты соғыстар, қантөгістер тыншымай отыр. Араб елдерінде орын алған бүліктерде, яғни араб көктемінде табыс көзінен айрылған, яғни зиянға ұшыраған ағылшындар болды. Ағылшындар бұл бүліктердің салдарында 1 триллион доллар жоғалтты. Біршама араб елдерінің көсемдері Лондонға тәуелді болатын. Барлығы қазына, байлықтарын ағылшын банктерінде сақтайтын еді. 

Мәселен Париждегі ланкестіктерді кімнің істеуі мүмкіндігіне қатысты екі нұсқа бар еді. Францияның қауіпсіздік комитетінің немесе Францияның таяу шығыстағы және Африкадағы қарсыласы АҚШ, яғни ЦРУ-дің ісі. Бірінші нұсқаға келер болсақ, ДАИШ Америка сияқты сыртқы күштер тарапынан құрылғаннан кейін қолдарына қару, астыларына джип, қалталарына ақша берілді. Мұнай құдықтары мен зауыттары орналасқан аймақтарды басып алған ДАИШ қысқа мерзімде аймақтың мықты күшіне айналып шыға келді. (Жалғасы ертең...)