Сұхбат... Жеуі-ішуі харам болған нәрселер
1- Спиртті ішімдіктер: Көп ішкенде мас қылатын ішімдіктердің азын ішу де харам болады. Шарап және бүкіл спирті бар ішімдіктердің бәрі харам.
2- Есірткілер: Бұлардың естен айыратындай мөлшерлері харам болады. Аз мөлшерде дәрі ретінде қабылдау күнә емес. Бұлар: апиын, морфий, новокаин, героин сияқты заттар.
3- Нәжіс: Нәжісті ішу және жеу харам. Зәр, қан, доңыз еті, бисмилләсіз сойылған малдардың еті нәжіске жатады. Ақпайтын және ауданы 25 м2 аз болған суға нәжіс түссе, үш сипаты (дәмі, түсі, иісі) өзгермесе де нәжіс болып есептеледі. Жануарға беруге, балшық жасауға болады бірақ адам іше алмайды.
4- Зиянды заттар: Шыны, топырақ секілді заттарды жеу харам.
5- Таза бірақ жеркенішті болған заттар: Шаян, сімгірік, шыбын, құрбақа секілді нәрселер.
6- Улы заттар: Мыстан уланған тағам, улы шөп, иістенген еттер. Құрттаған ет, жеміс және сырды да жеу харам.
Күлімдейік... Қырықаяқ
Мас күйінде көлік жүргізбек болған адам жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Мас жүргізуші аяғы сынған жаяу жүргіншіге «Егер сотқа арызданбайтын болсаң, саған көп ақша беремін» дейді. Жаяу жүргінші: «Болады, неге болмасқа, маған 500 миллион теңге берсең, арызданудан бастартамын» дейді. Жүргізуші ашуланып: «Сен не, мені миллиардер деп ойлап тұрсың ба?» дейді. Жаяу жүргінші болса: «Сен не, мені қырықаяқ деп ойлап тұрсың ба?» деген екен.