Untitled Document

Сұхбат... Жәннатқа тек мейірімділер ғана кіреді (2)

Көңілде иман болған кезде мейірімділік және қайырымдылық сезімдері онымен бірге болады. Көңілде бұларды ұстап тұра алу үшін Ислам ғұламаларының сөздерін оқу және ешкімі жоқтарға, кедей-мұқтаждарға қамқор болу, оларға көмекші болу керек. Ешкімді ғайбаттамау керек және ғайбаттағандарға кедергі болу керек. Жақсылық істеу керек, күнә істеуден сақтану керек. Күнәдан сақтанған адам өзіне де, өзгелерге де мейірім еткен болады. Пайғамбарымыз сахабаларына: «Жәннатқа тек мейірімділер ғана кіреді» деп бұйырғанда ол жерде болғандардан кейбіреулері: «Йа Расулаллаһ біз бәріміз мейірімдіміз» дейді. Пайғамбарымыз «Бірақ сендердің мейірімдерің тек өз бастарыңмен шектелмеуі тиіс. Керісінше мейірім бүкіл адамзатқа болу керек. Шынайы мағынада адамдарға мейірім етуші тек Аллаһу та’ала» деп білдірген. Мейірімділікпен байланысты пайғамбарымыз сахабаларына мынадай оқиға айтып береді: «Ескі замандарда бір кісі жолда кетіп бара жатып қатты шөлдейді. Шөл қысып келе жатып бір құдыққа кезігеді. Құдықтан су тартатын еш нәрсе таба алмағандықтан ішіне түседі. Су ішіп шөлін қандырады. Құдыққа түсерде де, шығарда да қатты қиналады. Су ішіп құдықтан шыққан кезінде құдық басынан бір итті көреді. Иттің тілі салақтап дем алысы жиілеп, шөлдегендіктен жерді қазбалап жалап тұрады. Әлгі адам иттің бұл халін көргенде, өз-өзіне бұл ит дәл мендей қатты шөлдеген екен. Оның шөлін басуым керек деп құдыққа қиналып қайта түседі. Су құятын ыдысы болмағандықтан суды аяқ киіміне толтырады. Аяқ киімді тісімен ұстап, қиналып құдықтан шығады. Аяқкиімімен алып шыққан суды итке беріп шөлін басады. Бұл адамның шөлдеген жануарға деген мейірімділігі үшін Аллаһу та’ала оның күнәларын кешіреді.»  Пайғамбырымыздан бұларды естіген сахабалардың бірі: “Йа Расулаллаһ жануарға жасаған жақсылығымыз үшін бізге де сауап беріле ме?” деп сұрады. Расулуллаһ алейһиссалам «Иә, Барлық жандыларға жасаған жақсылықтар үшін сауап бар» деді.