Untitled Document

Сұхбат... Жәннатқа тек мейірімділер ғана кіреді (1)

Мейірімділік – жан ашырлық дегенді білдіреді және бұл ризықтың бір түрі. Ризықтар материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалды ризықтарға қауыштыратын себептер болатынындай, рухани ризықтарға да қауыштыратын себептер болады. Рухани ризықтардың негізі – иман. Дененің аштығын басу үшін азығын қамтамасыз етіп жүрген адам, рухының аштығын басу үшін де себептерге жабысады және бұл жолда тырмысатын болса, иманға байланысты болған бұл рухани ризыққа да қол жеткізеді. Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнылмаса, тыйым салғандарынан тыйылмаса, материалдық және рухани ризықтар азаяды. Өйткені Таха сүресінің жиырма төртінші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деп бұйырылған.  Иман, денсаулық, азық, адамгершілік, мейірімділік және басқа да көптеген ризықтардың азаюына басты себеп Аллаһу та’аладан ғафил болу. Дінін үйренген және соған сәйкес өмір сүрген адам дос, дұшпан барша адамдарға жылы жүзді, жұмсақ мәміледе болады және ешкіммен айтысып, сөз таластырмайды. Бәріне мейіріммен қарайды және кешірім сұраған адамдарды кешіреді, кемшілігін көрмейді, олардың берген зияндарына зиянмен жауап бермейді. Хазреті Абдуллаһ Бәлйани былай деген: «Мұсылмандық тек намаз оқу, ораза тұту және түндерде ғибадат етумен шектелмейді. Бұлар онсыз да әрбір мұсылманның істеуі керек болған құлдық міндеттері. Шынайы мұсылмандық ешкімді ренжітпеу. Мұны атқара алған адам Аллаһу та’аланың разылығына қауышады.»   Мұхаммед Салим хазреттерінен “Адамның шынайы мұсылман екендігін қалай аңғаруға болады?” деп сұрағанда “Күлімдеген жүзді, көркем мінезді, жылы сөзді, жомарттығы, ешкіммен сөз таластырмауы, кешірім сұрағанды кешіруі және бәріне мейірімділік етуінен аңғарылады” деп жауап берген.   Адамның ең алдымен өзіне мейірім етуі керек. Өзіне мейірім етуі дегеніміз өзін мәңгі азаптан құтқаруы, яғни иман етуі және исламды үйреніп, ұстануы, Ислам бойынша амал етуі деген сөз. (Жалғасы ертең...)