Сұхбат... Парақорлық (2)
Әкімшіліктердің заңсыз ғимараттарға рұқсат беруі немесе рұқсат болмаған құрылыстарға, сапасыз құрылыстарға пара алып көз жұмуы немесе тағы басқа да түрде пара алуы өз кәсіптеріне қиянат болып саналады. Бір жыл өтпей құлап жатқан көп қабатты тұрғын кешендері, ірі жобаларда миллиардтардың қолды болуы секілді парақорлықтың зардаптарын жаңалықтардан да көрудеміз. Парақорлық – осындай көлемді зардаптарға, зұлымдық, әділетсіздіктердің көбеюіне және салдарында адамдар арасындағы өзара құрмет, мейірім қалмауы, елдегі бірліктің бұзылуына жол бастайтын зардабы ауыр қылмыс.
Парақорлық елді рухани жағынан да, материалдық жағынан да аздыратын індет. Діни тұрғыдан күнә болып мемлекеттің пәлекетіне себепші болатын парақорлықты жою тек ислам ахлақымен (мінез-құлқымен) мінездену арқылы мүмкін болады. Өйткені ислам ахлақымен мінезделген мұсылман ешкімнің ақысын жемейтіні, әділетсіздік етпейтіні сияқты, әділетсіздік орын алуына да разы болмайды. Мұсылманда Аллаһ қорқынышы болатындықтан парақорлыққа себепші болудың өзінен де жыртқыш аңнан қашқандай қашады. Сондықтан балаларымызды, жастарымызды ислам ахлақымен жетілдіруіміз ең басты міндеттеріміздің бірі.
Мемлекет қызметкерлерінің өз міндеттерін атқарғанда, жұмысын істеген адамдардан сыйлық алулары да дұрыс емес. Хазреті Омар халифа кезінде әйелімен бір ауылға барады. Ол ауылдағы әйелдер хазреті Омардың әйеліне әр түрлі сыйлықтар береді. Үйге қайтқандарында хазреті Омар әйелінен “Бұларды қайдан алдың?” деп сұрайды. Әйелі “Ауылдық әйелдер сыйға берді” дейді. Хазреті Омар “Мен халифа болмағанымда саған бұл сыйлықтар берілмес еді. Мен халифа емес кезде неге саған сыйлық бермейтін еді?” деп берілген сыйлықтарды “бәйтул мал”-ға (мемлекет қазынасына) өткізеді.