Untitled Document

Сұхбат... Парақорлық (1)

Адам тойымсыз, ашкөз келетіндіктен бе жемқорлық, парақорлық індеті көп елдердің жазылмас жарасы болып табылады. Тек өзінің пайдасын, тек өзінің қалтасын ойлау, ел пайдасы мен зиянынан бұрын өз пайдасын ойлайтындардың көбеюі кез келген мемлекет үшін пәлекет. Парақорлық бүкіл діндерде күнә саналады және мемлекеттердің заңдарында да мемлекетке қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Пара алу да, беру де дінімізде күнә. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Пара алғанға, бергенге және бұлардың арасында параға арашы болған адамға да Аллаһ лағынет етсін.» (Хаким)

«Пара алған да, берген де жаһаннамда.» (Табарани)

Жемқорлық, парақорлық арқылы қалтасын қалыңдатуға жеңіл қарайтындар көп. Алайда қоғамда парақорлықтың кең етек жаюының зияны ел тыныштығын бұзатындай дәрежеде едәуір келеді. Мемлекеттің қоғамдық қызметттерді атқаруы үшін және елге көмектесу, ауырын жеңілдету үшін тағайындалған заңды тұлғалардың пара алулары халықтың мемлекетке болған сенімін сейілтеді және әділеттің бетбейнесі болып табылатын сот үкімдеріне де күмәнмен қарауларына себеп болады. Лайық болмаған адамдарды жұмысқа алу үшін пара алу, елдің тізгінін сауатсыз, қабілетсіз қолдарға тапсырумен тең. Бұл да мемлекеттің құлдырауына себеп болады. Мұғалімнің қабілетсіз оқушыны параменен өткізуі де лайықты болмаған сапасыз адамдардың жұмыс орындарына өтуіне себепші болады. Соңғы кезектегі құжатты пара алу арқылы алға шығарып мәселесін бітіріп беру, басқа кезегі келген адамдардың ақыларын аяқ асты ету, оларға зұлымдық ету  болып саналады.  (Жалғасы ертең...)