Untitled Document

Сұхбат ... Дүние деген не?

    Дүние ахырет үшін сынақ жері. Ал ахырет болса мәңгілік бақытқа жету немесе мәңгілік жазалану мекені. Дүниеде Аллаһу та’аланың әмірімен тыйымдарына мойынсұнуда түрлі қиыншылықтар болады. Аллаһқа мойынсұнғандармен, қарсы шыққандар ахыретте бір-бірінен ажыратылады.

    Адам дүниеде тек ләззат, ойын-сауық үшін емес, емтихан үшін жаратылды. Тіпті емтиханға кіретін оқушы да көңіл көтеруден, ойнаудан тыйылып сабақ оқып, аз ұйықтап емтиханды жақсы нәтижемен тапсыра алу үшін түрлі қиыншылықтарға төзеді.

    Имам Раббани хазреттері былай бұйырған:

“Адамдар дүниеде бірнеше күн қиыншылық тартпағанда, Жаннаттың шексіз ләззаттарының қадірін түсінбес еді, мәңгілік саулық және амандықтың қадірін білмес еді. Аштық көрмеген адам тамақтың ләззатын түсіне алмайды. Қиыншылық тартпаған тыныштықтың, бақыттың қадірін білмейді.”   

    Дүние ахырет үшін егістік орны. Бұл жерде егін екпегендер, егістігінен мол жеміс жинаудан махрұм қалғандар (сауап жинамағандар) не деген бақытсыз. Бауыры бауырынан, анасы баласынан, қашатын ол күн (қиямет) үшін дайындалмағандар дүниеде де, ахыретте де алданған, зиян еткен болады. Ақылды адам бұл дүниені өзіне бір мүмкіндік деп біледі. Бұл қысқа ғана уақытта егін егіп яғни Аллаһу та’аланың разы болатын амалдарын орындап, қаншама еселеген жемістерін жинайды. Хақ та’ала бұл қысқа уақытта жасалған жақсы істерге және ғибадаттарға шексіз ниғметтер береді.

Марифатнама кітабындағы хадис шәрифтерде былай делінді:

“Дүние үшін дүниеде қалатындай мөлшерде, ахырет үшін ол жақта шексіз қалатындай еңбек ет! Аллаһу та’алаға мұқтаждығыңның мөлшеріндей бағын! Тозақ отына шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!”

“Қалауы ахырет болып ахырет үшін амал еткендерге Аллаһу та’ала дүниені қызметші етеді.”