Untitled Document

Сұхбат... Насихаттар

Хусейін Хилми бин Саид хазреттері былай деген:

♦  Дүниеде кім кімді жақсы көрсе, ахиретте жақсы көрген адамымен бірге болады.

♦  Мүминнің белгісі жылы жүзді болу, мұнафықтың белгісі қабағын түйіп жүру.

♦  Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарын жақсы көру, дүниеге деген махаббатты көңілден шығарады.

♦  Доспен сөз таластыру достықты азайтады, дұшпанмен сөз таластыру дұшпандықты арттырады.

♦  Жақсы көретін адамын жақсылап таңдау керек, соған қарай жақсы көру керек.

♦  Мұсылмандар бір жерге жиналған кезде бір-бірінен пайдаланады.

♦  Бір-бірімізді ренжітуден қорқайық.

♦  Әр нәрсенің жаңасы жақсы. Бірақ екі нәрсенің ескісі жақсы. Біреуі - махаббат, екіншісі – дос.

♦  Ғалымдардың зейнеті «Білмеймін» деп айтуы.

♦  Аллаһтың дінін Оның құлдарына үйретуге барарда қадам басылатын жерге періштелер қанаттарын төсейді.

♦  Бір жамағаттың ішінен Аллаһу та’ала ең көп қызмет еткен адамды жақсы көреді.

♦  Құл ақысы тақырыбы ислам ахлақының негізін құрайды.

♦  Адамның көңілінде (жүрегінде) харам істеу қалауы қалмаған кезде, көңіліне Аллаһқа деген махабат толады.

♦  Сауап жинау өте маңызды. Жиналған сауаптарды жоғалтпау одан да маңызды.

♦  Бір сағат ілім үйрену, түні бойы ғибадатпен өткізгенмен бірдей.

♦  Нәпсіне мойынсұнған адам харам істейді. Харам істеген адам харамға әдеттенеді. Әдеттенген соң сол істен зауқ алып, істеп жатқан ісіне мән бермейтін болады. Харамға мән бермеген соң иманын жоғалтады.

♦  Мұсылман уақытын тиімді пайдалану керек.

♦  Дүниеде Аллаһу та’аланың дініне қызмет еткендер, Аллаһу та’аланың құлдарының қиыншылықтарын шешуге көмектескендер, махшарда тақтың үстінде, мінбелерде отырады.

♦  Иман – Аллаһу та’аланың құлдарына ихсан етіп берген ерекше ниғмет.

♦  Мүмин азық сияқты болуы тиіс, әрқашан қажеттілігі сезілуі керек.

♦  Адамның абыройы, білімді және әдепті болуында.

♦  Қате және кемшілікті өзгелерден іздейтін адамдар жағымсыз болады.