Ғылым және техника... Жаңбырмен келетін ризық
Ғалымдар альбуминдер және протеиндердің қалай пайда болатыны турасында былай түсініктеме беруде:
Жаңбырлы күндерде найзағай жарқылдап күн күркіреуінің әсерінен ауадағы от тегі және азот бірігіп түссіз азот моноксид газына айналады. Бұл газ от тегімен қайта бірігіп қызғылт түсті азот диоксидін құрайды. Сонымен қатар найзағаймен күн күркіреуінің салдарынан ауадағы ылғал және азоттан аммиак пайда болады.
Азот диоксиді ылғалдың әсерінен азот қышқылына айналады, бұл жолы тағы ауадағы көмір қышқылы бірігіп нитрат аммонияға және карбонат аммония пайда болады, пайда болған бұл тұздар жаңбырмен жер бетіне жауады.
Жер бетіне түскен бұл тұздар топырақтағы кальций тұздарымен бірігіп нитрат кальцияға айналады. Бұл тұздар өсімдіктер тарапынан сүзіліп өсуіне себеп болады. Бұл өсімдіктерді жеген адамдар мен жануарларда бұл элементтер түрлі протеиндерге айналуда және бұл жануарлардың еттерін, сүттерін, жұмыртқаларын жеген адамдарды азықтандыруда.
Бүгін... Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды. Қазіргі таңда БҰҰ-на 193 ел мүше болып табылады.