Мақала... ДАИШ кімнің құралы?
(ДАИШ – Дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористтік топ.) Ешбір терор ұйымы оны қолдаушы қуатты алып күш, яғни алып мемлекет күші болмаса тіршілік ете алмайды. Осы тұрғыдан терор ұйымдары саясаттың, алып күштер арасындағы суық соғыстың және отарлаудың қаруы болып табылады. Сондай-ақ терор тек қана криминалды тұрғыда ғана емес, энергетика және бүкіл стратегиялық аймақтарда жүзеге асатын зұлымат құрал. Әрбір терорлық акттің стратегиялық, саяси тұрғыдағы астарлы жолдауы болады және стратегиялық мақсаттарға қызмет үшін атқарылады. Барлық жағдайда да ең жанға бататын сұмпайы мақсаттары исламды қаралау болуда. Шынайы Ислам дінінің әділеті мен мейрімінің таралуын тежеу, мұсылмандар мекендеген жерлерді терор ойындары, қантөгіс алаңына айналдыру, жер асты байлықтарын талан таражға салу секілді мақсаттар көзделуде.
ДАИШ-тен шынымен де мазасы қашқан жаһандық күштер біріксе ДАИШ терор ұйымын бірнеше күнде-ақ сахнадан жойып жібере алар еді. Бірақ мұны істемейді. Өйткені бұл өздері құрған, кәделеріне молдап жарайтын мықты құрал. Аймақтар үшін стратегиялық есеп-қисаптарын құрып, өз өктемдігімен пайдаларын жүзеге асыруға, заңдастыруға және қалтасында сақтаулы тұрған стратегиялық есептерін, жоспарларын тірі ұстауға жарамды құрал, карталарды бұзуға, шекараларды өзгертуге жарамды қалам.
Мұсылмандар мұндай азулы пропогандаларға алданбай, алып күштердің саяси ойындарында куклаға айналудан сақ болуы, кеңбайтақ жерлеріне, қазба байлықтарына, мәдениетіне, салт-дәтүріне ие болуы тиіс. Бүкіл дүние жүзіне татулық пен ынтымақты, әділет пен мейірімді паш етіп, адамгершіліктің шынайы үлгісін көрсете алуы тиіс. Ұмытпайық, келешегін қамдамаған адамдардың келешегі өзгелердің қолында қалады деген сөз бар.
Дереккөз: Проф. Др. Яшар Хажысалихоглу, Түркия газеті