Әдеп-ахлақ ... Тәкаппарлық - кішіпейілділік
Адамды тәкаппарлыққа итермелейтін 7 себеп бар:
- Білім: Бір нәрсе білетін адам, өзін жоғары, ерекше санайды, ал бұл нәрсені білмейтін адамды өзінен төмен, қадірсіз деп көреді. Олардан әрқашан құрмет және қызмет етуін күтеді.
- Амал және ғибадат: Көп ғибадат ететін адамның тәкаппарлықтан құтылуы қиын. Адамдардың оған құрмет көрсетуін, оны жақсылықтарымен еске алуларын күтеді. Бұлай ғибадат ететін адам бәрінің құритынын, тек қана өзінің құтылатынын ойлайды.
- Текті болу: Кейбіреулер текті әулеттен шыққанын мақтан тұтады. Қабіл Адам алейһиссаламның баласы еді. Бірақ имансыз өлді.
- Сұлулық: Сұлулығымен мақтану ең көп әйелдерде болады. Аллаһу та’ала адамның сыртқы сұлулығына емес, жүрегіне қарайды.
- Бай болу: Кейбір байлар мал-мүлкінің көптігінен өздерін кедейлерден үстем көреді. Қарун өте бай еді. Бірақ байлығымен бірге оны жер жұтты.
- Күшті болу: Күштілер де әлсіздерге қарсы кісімсінеді. Алайда адамдардан да әлдеқайда күшті жануарлар бар.
- Туыстарының көптігі: Кейбіреулер бала-шағасының туыс, таныстарының көптігімен өзін үстем тұтады.
Тәкаппарлық қаншалықты жаман болса, қарапайымдылық яғни кішіпейілділік соншалықты жақсы. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
«Аллаһ үшін кешіргеннің абыройы артады, қарапайымдылық көрсеткеннің үстемдігі артады.»
«Аллаһ қарапайым болған мұсылманды биіктетеді.»
«Абырой қарапайымдылықта.»
«Адам қарапайымдылық көрсеткенде, Аллаһу та’ала оны 7- қабат көкке дейін көтереді.»