Сұхбат ... Айналайын асықпа!
Асығыстық жасаған адамның ісіне шайтан араласады. Адамның жаратылысында асығу бар. Бұл жағдай Құран кәрімде былай көрсетіледі:
«Адам асығыстық ерекшелікпен жаратылған». (Әнбия 37)
«Адам көп асығады”. (Исра 11)
Олай болса, істерде асығыстық жасамау керек. Нәпсіге жағатын бірнәрсе ойға келсе, шайтан «мүмкіндікті жіберме, дереу жаса» дейді. Сондықтан ойға келген нәрсені жасамастан бұрын «Бұл іске Аллаһу та’ала разы бола ма? Сауап па, күнә ма?» деп ойлану керек. Күнә болмаса жасау керек. Осылайша, адам асықпаған болып саналады. Тек бес нәрседе асығу керек:
1- Қонаққа тамақ беруде.
2- Күнә істегенде дереу тәубе етіп, Аллаһтан кешірім сұрауда.
3- Бес уақытты намазды уақытын өткізбестен оқуға.
4- Балаларға дін білімдерін және намаз оқуды үйретіп, балиғатқа толғанда дереу үйлендіруде.
5- Жерлеу ісін тезірек атқаруда.
Хикмет...Қол алысу
Бір ағылшын: «Сіздердің әйелдеріңіз неге бөтен еркектермен қол алыспайды?» деп сұрайды. Мұсылман кісі: «Сіз неге королева Элизабетпен қол алыса алмайсыз?» деп сұрайды. Ағылшын: «Себебі кез келген адам онымен қол алыса алмайды, ол ханшайым ғой» дейді. Мұсылман былай дейді: «Біздің әйелдер де біздің ханшайымымыз, халалы болмағандар онымен қол алыса алмайды.»