Мақала... ДАИШ – фитна
Көп жаздым. Әлі де жаза беремін. ДАИШ мүлдем мұсылман және Ислами топ емес. (ДАИШ – Дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористтік топ.) Кезінде Саддамға берілген рапорт бойынша ДАИШ-ті яһудилердің құрғандығы жазылған болатын. Қазіргі көсемдері Бағдади атты бұзақы негізінде Симон есімді яһуди болып, оған 11 жасында мұсылман баланың куәлігі МОССАД тарапынан беріліп, тиісті тәлім алу арқылы осы фитна үйірін қалыптастырған. Дін ғалымдарының үкімі бойынша ДАИШ мұсылман емес.
Хадис шәрифте сүйікті пайғамбарымыз: «Мен олардан емеспін» деген. ДАИШ баскесерлері мұсылман емес. Мұсылман болған күнде де алауыз күштердің арбауына түскен, милары шайылған ғафил, сауатсыз ақымақтар. Ислам бейбітшілік, татулық діні. «Бір адамның жанын қиған бүкіл адамзаттың жанын қиғанмен тең» деген ұғым Ислам дінінің негізгі ұстанымы. Әлемде болып жатқан ланкестіктерді ДАИШ-тің атқарғаны айтылып жатады. Ал негізінде бұл ұйымның арқасында империялист күштер және жаһандық ақсүйектер бар. ДАИШ сияқты ұйымдар бұлардың қолындағы ойыншық.
Мұсылмандар сауатты, білімді болуы тиіс, дінін, әдет-ғұрпын, тарихын, әлемде не болып жатқандығынан хабардар болуы тиіс. Көбінесе сауатсыздар осындай адасқан топтардың арбауына түсіп жатады. Ланкестік жасап құдайға құлшылық қылып жатқанын ойлайтын тентектер барлық жерде табылады. Ал негізінде олар өзге елдердің байлығына, мұнайына, кен орындарына көз тіккен сыртқы дұшпандардың қолшоқпарына, күшігіне айналғанынан хабары жоқ.
Дереккөз: Түркия газеті, М. Нежати Өзфатура