Ғибрат... Көпірден өткендер және өте алмағандар
Бір жас бала көрші ауылға қарай жолға шығады. Ол ауылдың жолы терең құздан өтетін еді. Ол құздан өту үшін бір ғана аспалы көпір бар екен. Бірақ бұл көпір өте ескі және жіптері ескіргендіктен өте қауіпті болатын. Жас бала көпірге келгенінде еш кідірместен қарсы бетке өтіп жолын жалғастырып кетеді. Сәлден әлгі көпір басына тағы бір адам келіп, көпірдің тым қауіпті екенін көріп сол жерде отырып ұзақ дұға етеді. Кейін қарсы бетке көпірден өте бастайды. Бірақ сәл жүрісімен ақ көпірдің жібі үзіліп құзға құлап түседі. Сол тұста бұл оқиғаға куә болған салих кісі көргендеріне таң қалады. Аллаһу та’алаға жалбарынып бұл оқиғаның хикметін білгісі келеді. Түнде түсінде дауыс естиді, «Көпірді оңай өткен әлгі жас бала күндіз түні Аллаһу та’алаға мойынсұнатын. Көпірдің басына келгенге дейін де Аллаһу та’ала мен бірге еді, яғни Оны зікір етуде еді. Жас бала Хақ та’аланы ешқашан ұмытпағандықтан, әрқашан мойынсұнып жүретіндіктен Аллаһу та’ала оны көпірде ұмытпады. Осы себепті жас бала көпірден оңай өтті. Көпірден өте алмаған адам болса ондағы қауіпті көргенде ғана Аллаһу та’аланы зікір етіп, дұға ете бастады. Егер ол да бұрыннан Аллаһу та’аламен болғанда, яғни ғибадаттарын орындап, мойынсұнғанда Хақ та’ала оған да көпірде жәрдем берер еді.
Кешегі жауап: 2007