Сұхбат... Ар-намыстың маңыздылығы (2)
Ахлақсыз, ниеті бұзық адамдардың ортасында жас қыз үшін абыройын сақтап өмір сүру өте қиын. Ар-намысты қыз өзге қыздар секілді жүргіштік жасауға әуестенбеуі керек. Бұл қауіпті тәжірибе. Негізінде жүргіштікпен құрылған отбасылар көбінесе бақытты болмайды.
Ар-намысын сақтау үшін жастарды өз уақытында үйлендіру керек. Ар-намысқа зиян келтіретін жерлерден алыс тұру керек. Жастық шақта жүріп қалу керек деп жасалатын әр түрлі көңіл көтеру жолдары жас қызды қолға түсірудің бірден-бір тұзағы. Мұның тұзақ екендігіне сенбеген қыздар, қай кезде де сол тұзаққа түседі, сол кезде барып есін жияды. Бірақ болар іс болып кетеді. Тұзақтың көріністегі тартымдылығына алданған қыздар еркектердің қолына түскенде көзді ашып жұмғанша ойыншыққа айналады. Өзіне сенімді қыз да, олардың алдында соңына дейін төзе алмайды. Сымбатты жігіттің алдамшы, күлімсіреген жүзінің алдында жеңілуі мүмкін. Тұзаққа түскенін байқамай да қалады. Ол тұзақтан құтылған адам аз немесе мүлдем жоқ. Ал негізінде сол тұзақ деген көңіл көтеретін жерлерге бармаған одан да оңай іс. «Көзден таса болса, көңілден де таса болады» деген сөз бар. Ондай жерлерге бармаған қыздар, ондай жерлердің қауіп-қатерінен де сақтанған болады. Егер баратын болса, құтылуы қиын болады.
Ар-намыс – жас қыздың немесе әйелдің құн жетпес асылы. Бұл асыл тасқа қол жеткізу үшін Аллаһу та’аладан қорқпайтын еркектер барлық шайтани тірліктерін қолданады. Қолға түсіргеннен кейін мақсатына жетеді. Сосын асыл тастың құны кетіп, жай тасқа айналып, көшеге лақтырылады. Бұл жерде еркек – ар-намыс ұрлықшысы, ал әйел – құндылығын жоғалтқан, асыл тасын ұрлатқан бейшара болып қалады.
Расулуллаһ алейһиссалам: «Қызды теңін тапқанда, дереу үйлендіріңдер!» деген. (Тирмизи)
Көріп отырғанымыздай, әйелді, қызды теңіне беру керек. Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген сөз. Әйтпесе бай болу, айлығы көп болу, дипломды болу және белгілі бір елдің азаматы болу деген сөз емес. Теңі – еркектің салих мұсылман болуы, намазын оқуы, ішімдік ішпеуі, яғни исламға мойынсұнуы және нафақасын (тұратын үй(аренда), киім, тамағын т.б.) қамтамасыз ете алатындай жұмысы болуы деген сөз.