Сұхбат... Ар-намыстың маңыздылығы (1)
Ар-намыссыз адам Аллаһ алдында күнәһар, халықтың алдында құрметсіз болады. Намыссыздың қоғамдағы жақсы адамдардың қасындағы қадірі бір иттің қадірі құрлым жоқ. Бай және өте әдемі әйел егер ар-намыссыз болса, абыройсыз болады. Кедей әйел намысты болса, әрдайым қадірлі, құрметке лайық болады.
Дүние жүзіндегі көптеген жанжалдар, адам өлтірулер, ұрыс-керістер, қызғаныштар, қысқасы барлық жамандықтар ар-намыссыздық, ұятсыздық, зинақорлықтың кесірінен болуда. Адамдардың көпшілігі ұятсыздықтың жамандықтарын біле тұра өздерін бұл жаман жолдардан бас тарттыра алмауда. Бұлардың алдын алатын шаралар бар. Бұл – тәрбие және ахлақ мәселесі.
Аллаһтан қорқатын адам ұятсыз бола алмайды. Сондықтан да балаларымызға Аллаһтан қорқуды үйретуге тырысайық, бұл біз үшін ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Аллаһу та’аладан қорқу үшін Аллаһты жақсы білу керек. Аллаһты білу үшін Оның ұлылығын және сипаттарын үйренуге мәжбүрміз. Аллаһу та’аланы мүлдем ойламайтын қоғам үшін Аллаһтан қорқу деген сезімге ие болу оңай емес. Аллаһу та’аладан қорқу да бір білім, қызмет және қажырлы іс, бұларды үйренуге талпыну керек.
Әсіресе үлкен қалаларда ар-намыс мәселесі қауіпті жолда. Бойжеткен қыздардың өз ақылы-көзқарастарымен ар-намысын сақтауы шынымен де қиын. Егер бойжеткен қыз біраз сұлу болса, адамның ойына, қиялына келмейтін қауіптермен қоршалған деген сөз. Бұл қауіп оқу орындарында, жолда, автобуста, көршілердің арасында, тіпті үйдің ішінде, телефонда, интернетте, қайда барса да қыр соңынан қалмайды.
Қыздарымыз қауіп-қатерлердің қарсаңында әлсіз махлұқ ретінде ахлақсыз, ниеті бұзық адамдардың қолында ойыншық болмауы керек. Мұндай заманда кез келген адамнан, кез келген жерде оған зиян тиюі мүмкін. Тисе де оның ақшасына, пұлына емес, ар-намысына, абыройына тиеді. Ақшаға тиетін зиянның орнын толықтыруға болады. Ал рухани дүниеге тиетін зияндылықтың орны толмайды. (Жалғасы ертең...)