Сұхбат... Дұға ету
Дұға мұсылманның қаруы. Үнемі дұға етіп жүру керек. Өте көп дұғалар бар. Ең пайдалы болғандары хадис шәрифпен білдірілгендері. «Мына дұғаны оқыған адам кедейліктен құтылады» деген сөз, ол дұға қабыл болған жағдайда оған бір жұмыстың есігі ашылады немесе күтпеген жерден ризықтарға қауышады деген сөз. Ауруы үшін дұға еткенде де шипаға себеп болатын дәріге немесе басқа бір себептерге қауышып сауығып кетеді. Шипа беретін, ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу – себебіне жабысу деген сөз. Себепке жабысу сүннет. Қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, берекелі ризықтарға қауышу үшін себептерге жабысу керек! Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Өмірім ұзақ болсын, ризығым мол болсын дегендер туыстарын зиярат етсін!»
«Таңғы ұйқы ризықтарға кедергі болады.»
«Қажеттіліктерін адамдарға айта беретіндер мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһу та’алаға айтатындар құтылады.»
«Аллаһтан қорқуды өзіне негіз қылып алған адам ризықтарға сауда-саттықсыз және ақшасыз қауышады. Құран кәрімде «Кім Аллаһтан қорқса, Аллаһ оған шығатын бір жолын көрсетеді және ризығын ойламаған жерден жібереді» делінген.»
«Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ризығы азайса, истиғфар айтсын!»
(Шүкір “Әлхамдулилләһ”, истиғфар “Әстағфируллаһ” деген сөз. Истиғфар ету дегеніміз күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтар жасау дегенді білдіреді.)
«Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді.»
«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәтә илла биллаһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.»
«Күнде жүз рет “Лә хаулә уә лә қууәтә илла биллаһ” деген адам кедейлік көрмейді.»
Дұғалардың қабыл болуы үшін Әһли сүннет (сүнни) сенімінде болып, Аллаһу та’аланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан ұзақ болу керек.