Untitled Document

Ғибрат... Үстемдік соңғы демде мәлім болады

Аллаһу та'ала соңымызды қайырлы қылсын. Ешқайсымыз соңымыздың не болатынын білмейміз. Жүнәйд Бағдади хазреттерінен бір поп келіп: «Мен үстеммін бе, әлде сен үстемсің бе?» деп сұрайды. Ол «Аптаның соңында кел, сол кезде жауап беремін» дейді. Бір аптадан кейін келгенінде қайтыс болғанын көреді. «Сендердің көсемдерің уәдесінде тұрмады, бүгін маған жауап беруі керек еді» деп жар салғанында шәкірттері табытын көрсетіп, «Анау жақта жатыр, жанына бар да сұра, әулиелер бостан-бос ештеңе айтпайды» деседі. Табытының басына барып, әлгі сұрағын сұрайды. Жүнәйд Бағдади хазреттері Аллаһу та'аланың рұқсатымен басын көтеріп, былай жауап береді: «Сөйлескенімізден бір аптадан кейін өлетінімді білген едім, бірақ соңымның қандай болатынын білмегендіктен сол күні саған жауап бере алмадым. Сен иман келтіруің мүмкін еді, ал мен имансыз өлуім мүмкін еді. Әлхамдулиллаһ, мен иманмен жан тапсырып, өзімді құтқардым. Қазір айта аламын, мен үстеммін. Ал сен енді өз жағдайыңа қара!» Бұл кереметке куә болғаннан кейін попшылдық қалады ма?! Поп жылай бастайды, шаһадат калимасын айта бастайды. Сөйтіп мұсылман болады. Үстемдік соңғы демге байланысты. Осы себептен имансыз өлуден қатты қорқу керек.

Адам біліп күпірге түспейді, бірақ білместен күпірге түсуі мүмкін. Сондықтан «Йа, Раббым, біліп немесе білмей күпірге себеп болатын бір сөз айтқан болсам, сондай бір іс жасаған болсам, бәріне өкіндім, мені кешіре гөр» деп күнде дұға ету керек. Міндетті түрде кешіріледі.