Мақала... Батыстың көзқарасы бойынша ислам діні
Бүкіл діндерді жақсылап зерттеген ағылшын ғалымдарынан Лорд Давенпорт, Лондонда басып шығарған «Хазреті Мұхаммед және Құран кәрім» атты кітабында былай деген:
«Ахлақ, мінез-құлықтарының көркемдігі мұсылмандықтың аздаған уақытта жылдам түрде таралуына себеп болған. Мұсылмандар соғыстарда тізе бүккен басқа дін адамдарын әрқашан кешірген. Мұсылмандардың христиандарға деген мәмілесі мен папаның және карольдердің өз сенушілеріне деген мәмілесін еш салыстыруға кемейді. Мысалы, 1572 жылы тамыздың 24-күні яғни Сент Бартелеми мейрам күні 9-Шарл және әйелі Катеринаның әмірімен Парижде 60 000 протестан өлтірілген. Папа кеңесі жабайылық және жауыздық дәрежесіне дейін барған қорлықтың жанында, мұсылмандардың басқа діндегі адамдарға деген мәмілесі, аузының сүті кеппеген баладай жұмсақ болған.
Ислам қан төгудің орнына, ғибадат пен әділдік алып келумен бірге адамдарды жақсылыққа үйретті. Әлеуметтік әділеттіліктің негізін қалады. Осылайша қан төгілудің қажеті болмай, дүниеге оңай жайылды. Ілімді мұсылмандардай талап етіп, ілімге құрмет көрсеткен еш бір халық болмаған деп айтуға болады. Хазреті пайғамбардың көптеген хадистері ілім алуға ынталандырушы хадистер. Ислам діні, мал-мүлікке қарағанда ілім үйренуге көбірек мән берген...»
Үй үшін...Сәбіз
♦ Сәбіз өте пайдалы көкөніс түрі. Құрамында мол мөлшерде А және С витаминдері бар. Көзі ауыратындар көп сәбіз жеуі керек.
♦ Етті тағамдарға дәм беру үшін қолданылады.
♦ Сәбіз пісіріліп, балмен араластырыл желінсе, дауыс қарылуына жақсы әсер етеді.
♦ Сәбіз салаты асқазанды дем алдырады. Әсіресе балаларға жегізу керек.