Untitled Document

Сұхбат... Өсиет жазу керек

Дініміз өсиет жазуымызды әмір еткен. Өсиет жазу Аллаһу та’аланың және расулының әмірі.  Өлім ойламаған, күтпеген жерден, кенеттен келеді. Әр бір мұсылман өлімге дайындық ретінде өсиетін міндетті түрде жазуы керек. Мойнында құл ақылары, яғни қарыздары бар және ғибадатта қарыздары болған мұсылманның өсиет жазбауы өте үлкен күнә. Мұсылмандар өсиет жазғанда, балаларына, туыстарына, таныстарына, көршілеріне және достарына соңғы насихаттарын айтуы керек. Тағайындаған адамынан, өзінде ақысы бар адамдардан кешірім сұрауын, алатын-беретін қарыздары бар болса төлеуін өсиет етуі керек.

Әйеліне деген «мәхри муәжжәл» және басқаларға болған қарыздарын да төлеуі керек, төлей алмағандары бар болса, оларды төлеуін өсиет етуді ұмытпауы керек. Бүкіл қалаулары дінге сай жасалуы үшін жанына екі куәгер мен дінін білетін біреуді тағайындау керек.   

Сұхбат... Жаһаннамнан құтылу үшін

Хазреті Имам Раббани былай деген: 

Жаһаннамнан құтылғысы келетін адам халал және харамдарды жақсы үйренуі керек. Ризығын халал жолмен тауып, харамдардан қашуы керек. Діннің иесінің тыйым салған нәрселерінен сақтануы керек. Исламның шектеулерінен сыртқа шықпауы керек. Ажал құшқанда адам оянады, көздері, құлақтары ашылады. Бірақ ол кездегі өкіну, “аһ ұрудың” пайдасы болмайды. Қорлықтан басқа қолға түсер нәрсе болмайды. Бәрімізге өлім жақындап келеді. Ахиреттің сан-түрлі азаптары адамдарды күтуде. Адам өлген кезде оның қияметі басталды деген сөз. Өлім оятпай тұрып, қапы қалмай тұрып оянайық! Аллаһу та’аланың әмірлерін және тыйымдарын үйреніп, бірнеше күндік болған өмірімізді бұларға сай өткізейік. Өзімізді ахиреттің азаптарынан құтқарайық! Тахрим сүресінің 6-шы аятында: “Ей иман келтіргендер, өздеріңді және бала-шағаларыңды сондай бір оттан қорғаңдар, оның отыны адамдар мен тастар болып табылады” делінеді.