Cұхбат... Дінімізде білімнің маңызы
Білім үйренудің маңызы, құндылығы өте көп. Құран кәрімде, «Білмесеңдер, әһли зікірден (ілім иелерінен, ғалымдардан) сұраңдар!» делінген. (Әнбия 7)
Аяти кәримадағы «зікір» сөзі білім дегенді білдіреді. Бұл аяти кәрима, білмейтіндердің ғалым тауып, солардан сұрап үйренуін әмір етуде. (Хадиқа)
Құран кәрімде былай делінеді:
«Аллаһ иман еткендерді көтереді. Ал ілім берілген мүминдерді (жаннатта) қат-қат дәрежелерге көтереді.» (Мужадәлә 11)
«Оларға айт, білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма? Білетін адам әлбетте қадірлі.» (Зумәр 93)
«Құлдары арасында Аллаһу та’аладан ең қатты қорқатын – ғалымдар.» (Фатр 28)
Хадис шәрифтерде де былай делінген:
«Білім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз.» (Бәйһақи)
«Бесіктен мазарға дейін білім үйренуге тырысыңдар!» (Шира)
«Білім – Исламның өмірі, иманның тірегі.» (Әбушшәйһ)
«Ешкім сауатсыздығымен құрметті, ал ілімімен масқара болмайды.» (Аскери)
«Бос уақытын ілімге жұмсаған адам құтылады.» (И. Мауарди)
«Салих ғалымдардан болыңдар, егер салих ғалымдардан болмасаңдар, сондай ғалымдардың сұхбатына қатысыңдар, сендерді хидаятқа (тура жолға) қауыштыратын, адасушылықтан алыстататын ілімді тыңдаңдар!» (И. Мәуарди)
«Қай жерде ілім бар болса, сол жерде мұсылмандық бар.» (С. Әбәдийа)
«Ілім менің және басқа да пайғамбарлардың мирасы. Кім маған мирасшы болса, жаннатта менімен бірге болады.» (Дәйләми)
«Аллаһ масқара қылғысы келген құл ілім мен әдептен махрұм қалады.» (Ибн Нәжжар)
Хазреті Әли былай деген: «Ілім мал-мүліктен қайырлы, өйткені мал-мүлікті сен қорғайсың, ал ілім сені қорғайды. Мал-мүлік жұмсаумен азаяды, ал ілім жұмсау арқылы көбейеді.»