Денсаулық... Сары май тұтыныңыздар
Америкалық Тайм журналының мұқабасы «сары май тұтыныңдар!» деген маңдай жазумен басылып шықты. Журналдың осы санында сары май туралы зерттеулер және сары майдың пайдалары туралы ауқымды мақалалар жазылды. Бұрындары қанық майлардың зияндылығы туралы қате пікірлер көп тарағанымен негізінде жаңа зерттеулер қанық майлардың денеге зияны жоқтығын көрсетуде. Қанық майлардың адам денсаулығына оң әсерлерін жазған Тайм журналы халықтың сары май, ет және сүт өнімдеріндегі қанық майлардан бастартуынан кейін соңғы 60 жыл ішінде семіздік ауруына шалдыққандар күрт артқандығы және тек АҚШ-тың өзінде әр жылы 1 миллион адам жүрек ауруларынан көз жұмып жатқандығы мәлімденді. Бұған адамдардың денсаулыққа пайдалы болған протеин негізді қанық майлардан бастартып, оның орнына маргарин, өсімдік майлары секілді көмірсу негізді баламаларын тұтынуы себеп болғандығы алға тартылды. Жасалған зерттеулерде қанық майлардың жүрек ауруларына мүлдем қатысы жоқтығы анықталды. Соңғы жылдары сары майдың пайдасы туралы көп ғалымдардың еңбектері жарық көруде.
Күлімдейік...Мамандық
Мұғалім оқушыларға еркін тақырыпта шығарма жазып келіңдер деп тапсырма береді. Балалардың біреуінің шығармада “шамамен, болжам бойынша” деген сөздерді көп қолданғанын көрген ұстазы, сен үлкейгенде кім боласың деп сұрайды. Әлгі оқушы кідірместен: «Ауа райы болжаушысы боламын» деген екен.