Сұхбат... Зүл-хиджа айының қасиеті
Құрбан айт мейрамы болатын ай – Зүл-хиджа деп аталады. Бұл айдың алғашқы 10 күнінде орындалған ғибадаттар өте қадірлі болып саналады. Бұл туралы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде ауыз бекіту, бір жыл ораза ұстағанмен; бір түнін ғибадатпен өткізу Қадір түнін ғибадатпен өткізгенмен пара-пар.» (Ибн Мажә).
«Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады.» (Бәйһақи).
«Тәруия күні (Зүл-хиджа айының сегізінші күні, яғни арапа күнінен бір күн-бұрын) ораза тұтып, күнә сөз айтпаған мұсылман – Жұмаққа кіреді.»(Рамуз).
«Зүл-хиджаның алғашқы тоғыз күнінде ораза тұтқан адам, әр күні үшін – жүз құлды азат еткендей немесе Аллаһ жолындағы мүжаһидтерге жүз ат жібергендей немесе Қағбаға құрбан шалдыру үшін жүз түйе жібергендей сауап алады.» (Р.Насихин).
«Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, Арапа күні болса он мың күнге тең.» (Бәйһақи).
«Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (Субханаллаһ), тахмид (әлхамдулиллаһ), таһлил (Ла илаһә иллаллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!» (Табарани)
Хазреті Әбуддәрда былай дейді: «Зүл-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту керек, көп садақа беру керек және көп дұғамен истиғфар ету керек! Өйткені Расулуллаһ алейһиссалам: «Бұл он күннің игілігінен және берекесінен махрұм қалған адамға обал болсын» деді.»
«Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәлелерден қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жаннатта жоғары дәрежелерге қауышады.» (Шир’а)
Бұл он күн ішінде Әһли сүннет кітаптарын оқу - өте үлкен сауап болады. Дін ғылымын, сүннит сенімін үйрену әрбір мұсылман әйел мен еркекке парыз. Балаларға үйрету ең әуелгі міндет.