Мәлімет... Батыстықтар Ислам жөнінде
Есiмi тарихқа әскери болуымен қатар, мемлекет қайраткерi ретiнде де жазылған Франция императоры Наполеон І. (1769-1821) Мысырға кiрген 1212 [м.1798] жылы Ислам дiнiнiң ұлылығына, дұрыстығына қайран қалған, тiптi бiр кездерi мұсылман болуды да ойлаған еді. Төмендегі қатарлар Черфилстің «Bonaparte et Islam» атты еңбегiнен өзгертілмей алынған.
«Наполеон былай деген еді: Аллаһу та’аланың бар және бiр екендiгiн Мұса алейһиссалам өз ұлтына, Иса алейһиссалам өз үмбетiне, ал Мұхаммед алейһиссалам бүкiл әлемге білдірді. Арабстан толығымен пұтқа табынатын едi. Иса алейһиссаламнан алты ғасырдан кейiн Мұхаммед алейһиссалам өзiнен бұрын келген Ибраһим, Исмаил, Мұса және Иса алейһимуссалам уағыздаған Аллаһу та’аланы арабтарға танытты. Арабтардың араларына кіргізілген ариандар (яғни Ариусқа бағынышты болған христиандар) және шынайы Иса дiнiн бұзып, оларға үш тәңiр, яғни Аллаһ, Аллаһтың ұлы, Қасиеттi рух сияқты ешкімге түсініксіз сенiмдердi таратуға тырысқандар шығыстағы бейбiтшілік пен бақытты өмiрді толығымен бұзған едi. Мұхаммед алейһиссалам оларға тура жолды көрсетті. Арабтарға Аллаһу та'аланың бiр екендiгiн, Оның әкесi де, баласы да жоқ екендiгiн, осылайша бiрнеше Аллаһқа табынудың пұтқа табынушылықтан қалған жаман әдет екендiгiн түсiндiрдi.»
Кiтаптың басқа бiр жерiнде Наполеонның: «Жақында бүкiл әлемнiң ақылды, зиялы адамдарын жинап, бiр үкiмет құруға және бұл үкiметтi [Құранда жазылған негiздер бойынша] басқаруға мүмкiндiк табамын деп ойлаймын. Тек қана Құранда жазылған негiздердiң дұрыстығына сенемiн. Бұлар адамзатты бақытқа жеткiзедi» деген сөздері жазылған.