Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһқа мойынсұну

Алааддин  Конеуи хазреттері әулиелердің ұлыларынан еді. Фиқһ, келам, тәпсір, усул және әдебиет ілімдерінің ғалымы болған. 1270 ж Конияда туылып 1328 ж Шамда қайтыс болды. Алааддин Конеуи хазреттері барлық әрекеттерін Расулуллаһ алейхиссаламға мойынсұндыруға тырысты. Шәкірттеріне бұлай болмаған жағдайда Расулуллаһқа керекті тағзым және құрмет жасалмаған болатынын айтатын. Ол Пайғамбарымызға ұйу және Оған құрмет көрсету үшін мына нәрселерге мән беру керектігін үнемі айтып жүрді:

1- Расулуллаһтың есімі аталғанда дұға және салауат айту керек.

2- Расулуллаһ алейхиссаламды зиярат еткенде қасиетті қабірінің жанында дауыс көтермеу.

3- Расулуллаһтың тұрған жері болған Мадина Мунаууараға тағзым және құрмет ету, ол жерде тыйым салынған нәрселерді істеуден (немесе күнә істеуден) сақтану және Мадина Мунаууараның халқына сый-сыйапат көрсету.

4- Пайғамбарымыздың қасиетті сөздері, істері турасында Оның мәртебесін түсіретіндей мәміледе болмау. Мәселен Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уәсәлләм пәлен нәрсені жақсы көретін бірақ мен ол нәрсені жақсы көрмеймін демеу керек.

5- Құран кәрім немесе хадис шәриф кітаптарының үстіне басқа бір кітап немесе бір нәрсе қоймау керек.

6- Аллаһу та’аланың қасиетті есімі немесе Пайғамбарымыздың мубарек есімдері жазылған қағазды тастамау. Мұндай қағаздарды жыртуға болмайды. Ислам әріптерімен жазылған қағаздарға да құрмет ету керек. Бұларды таза матаға орап адам баспайтын жерге топыраққа көму керек.