Untitled Document

Мақала... Мамандардан 10 алтын насихат

¨ Балаларыңыздың теледидар көретін уақыттарына байланысты нақты күн тәртібін орнатыңыз. Мектепке бармай тұрып, ас кезінде және үй тапсырмаларын орындамай тұрып теледидар, видео көруіне тыйым салыңыз!

¨ Теледидар, видео, компьютерлік ойындар және интернетке бөлінген уақытты ең көп 1-2 сағатпен шектеңіз!

¨ Теледидарды балаңыздың көңілін көтеретін бала бағушы ретінде қолданбаңыз!

¨ Теледидарды бөлменің төріне қойып үйдің ең маңызды құралына айналдырмаңыз!

¨ Баланың бөлмесіне теледидар және компьютерді мүлдем қоймаңыз!

¨ Балаларыңыздың қандай бағдарламаларды көретінін сіз таңдаңыз! Ол бағдарлама біткеннен соң теледидарды сөндіріп балаларыңызбен бағдарлама туралы талқылаңыз!

¨ Балаларыңызға басқару пультімен канал ауыстыруына руқсат бермеңіз!

¨ Қай бағдарламаның пайдалы немесе зиянды екенін сендіріп түсіндіріңіз.

¨ Көретін бағдарламаларын қадағалаңыз! Әсіресе мультфильмдерді. Зиянды болғандарды өзіне мысалдар келтіріп түсіндіріңіз!

¨ Теледидар каналдарында ұнамсыз болған бағдарламалар туралы пікірлеріңізді телефон шалып хабарлаңыз! Бағдарламаның қоюшылары мұндай ескертулерді әрдайым ескеретінін ұмытпаңыз!

Күлімдейік... Интернет

Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Теледидар, интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен...